..."/>
ЗЕРТТЕУ

Гүлден де тоқ шыға ма?

160418-Eplant-095839

Швед ғалымдары гүл дүкенінен раушан сатып алып, өсімдіктердің тірі жасушаларына электр тогын қосып қойды.

Пәлендей трансформация бола қойған жоқ. Өсімдіктің тамыр жүйесінен тараған химиялық сигналдар электронды жүйенің тоқ ағымына ұқсас болып шықты. Осы екеуін біріктіру үшін физик ғалым Элени Стэвринидоу мен оның әріптестері раушан гүлінің кесілген тұсын сұйылтылған полимер ерітіндісіне салды (төменде). Сіңгеннен кейін, өсімдік салынған полимер ерітіндісі өзінен-өзі электр көзіне айналып, гүл сабағының ішіндегі су жүретін тамырлар – ксилема арқылы денеге жайылды. Кернеуді көбейтсе – өсімдік электр тогын өндіре бастауы мүмкін.

Неге жұрттың бәрі электронды өсімдік ойлап тапқысы келеді? Стэвринидоудың айтуынша, аталмыш технология арқылы өсімдік жасушаларының физиологиясын талдап, өзгеше құрылғы жасап шығаруға болады. Тағы бір мүмкіндік: фотосинтез процесінен электр қуатын өндіру.

Стэвринидоу: «Күндердің күнінде сіз телефоныңызды қуаттау үшін оны өсімдік-стансыға қосуыңыз мүмкін», – дейді. — Рахел Хартиган Ши

ФОТО: ЭЛИОТ ГОМЕС

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля