..."/>
ЗЕРТТЕУ

Каспий еркесі…

01

Қарт Каспийдің ежелгі тұрғындарының бірі ол – итбалық. Итбалық ескекаяқтылар отрядына жатады. Кейбір қазақтар оны түлен деп те атайды. Дене тұрқы 125-160 см, салмағы 65-80 кг. аралығында болады. Көп уақытын су өткізетіндіктен оның дене құрылымы төрт аяқты жануардан гөрі, балыққа көбірек ұқсас болып келеді. Мойны денесімен тұтасып біткен, құлақ қалқаны болмайды, ал аяқтары ескек тәрізді келеді, бақайшықтарының арасында қалың тері жарғақтар бар.

02

Каспий итбалығы тек Каспий теңізінде ғана таралғанымен ерекшеленеді. Дегенмен Еділ мен Жайық өзендерінің төменгі сағасында да ара-тұра кездесіп калады. Оларды әсіресе, Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі аралдарда қыс айларында жиі кездестіруге болады. Ал шағылысатын немесе балалайтын уақыттарда теңіз жағалауынан, аралдар мен мұз үстінен көруге болады. Құрсақтағы баласын тура бір жыл көтеретін итбалықтар көбінесе бір, кей жағдайда екі күшік те табады. 2-3 айдан кейін әбден семірген ақүрпекті «май итбалық» десе, ал бір жылдан кейін түсі өзгерген шағында «қара итбалық» атанады. Ол жануар түрлі балықтар, шаяндар мен моллюскілермен қоректенеді. Итбалықтың басқа жануарлардан басты ерекшелігі сол олар күзге қарай бойына 40-70 кг дейін май жинап үлгереді екен. Яки итбалық бір маусымда салмағын екі жарым есеге дейін ұлғайта алатын аңдар қатарына кіреді.

03

Каспий итбалығының терісі мен майы өте бағалы саналады. Оның майы медицина және парфюмерия саласында кеңінен қолданылады. Каспий теңізінде шамамен 450 мыңға жуық итбалық бар. Ал жер бетінде бұл жануардың оннан астам түрі кездеседі.

Фото: Анатолий Устиненко

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля