..."/>
ЗЕРТТЕУ

Әрі суық, әрі жылы – Астана

01

Бүгінгі Астананың қысы бұрынғыдай емес. Қазір соққан желдің екпіні бәсеңдеп, бір маусымда түсетін қардың жылдық мөлшері азайған, одан бөлек сақырлаған сар аяз да жоқ. Астана мен қала маңындағы табиғи құбылыстардың өзгеріске ұшырағаны басқа басқа қарапайым тұрғындар да біледі. «Астана қысының соңғы он жылда айтарлықтай жылынуының негізгі үш себебі бар», – дейді мамандар. – Басты себеп, жер бетіндегі ауа температурасының жылына бастауы. Екінші. Қаланың айналасына әр жылдары отырғызылған жасыл желек, көшеттер бүгінде бет қаратпайтындай ақтүтек боранның күшін әлсіретіп, екпінін бәсеңдетер күшке ие болған. Үшінші. Қала ішінде желден қалқа болатын биік ғимараттар көбейіп келеді.

02

Қазақстандық синоптиктер, Астана климаты тұрғындар үшін қолайлы бола бастағанын, орташа жылдық температура әр 10 жыл сайын 0,4 градусқа тұрақты көтеріліп келе жатқанын айтуда.

03

Қалай болғанда да қысқы Астана көрінісі қашанда өзінің сұлулығы және табиғилығымен есте қалады.

04

2016 жылғы мәлімет бойынша қала тұрғындарының саны бір миллионнан асады. Астана Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысы аумағындағы Есіл өзенінің алабындағы жазықтықта орналасқан. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Ол «киелі орын», «босаға» деген мағынаға ие.

05

Естеріңізге салайық, Астана – жер бетіндегі ең суық астаналардың үштігіне кіреді. Қазақтың елордасы Моңғолия астанасынан жылы болғанымен, Канаданың Оттавасынан суық.

06

07

08

09

10

11

12

13

Фото: Тұрар Қазанғапов, Ерболат Шадрахов

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля