Көктемде маралдың мүйізі күніне 2,5 см-ге дейін өседі. Қатон-Қарағайда медициналық туризм күн санап дамып келеді. Мұнда мүйіз қанынан жасалған емі ерекше сусын (төменде) сатылады.
Шығыс Қазақстанда өндірілетін марал мүйізі буын ауруынан бастап белсіздікке дейін барлық дертке шипа. Жаңадан кесілген мүйіздердің қанын ішіп, қайнатылған мүйіз суына шомылу үшін және пантадан жасалған дәрі-дәрмекті сатып алу үшін сонау Еуропа мен Азиядан адамдар ағылып келіп жатады.
Бұл үрдіс б.д.д. кем дегенде 168 жылдан бастау алады. Қытай жерінен табылған ежелгі жібек қағазда бұғы мүйізі медициналық дәрі ретінде көрсетілген. Зерттеулерге сай, маралдың қаны мен мүйізі адам денсаулығына қажетті көптеген құнарлы заттарға бай. Олар – амин қышқылдары, дәрумендер, минералдар және бойды өсіретін IGF-1 гормоны. Дүниежүзі бойынша спортшылар пантадан жасалған қоспаларды жиі қолданады. Себебі, олардың аз дозасы допингке қарсы заңға қайшы емес.
Тарихқа зер салсақ, жергілікті шаруалар ертеден-ақ маралдарды үй жануары ретінде асырап, оларды өлтірмей-ақ, мүйіздерін кесіп алуға болатынын білді. Алтай тауларында бұғы шаруашылықтары пайда болып, бүгінде маралдардың саны бұрынғы қалпына келді. Панта өнеркәсібі аймақ экономикасының негізгі қозғаушы күші. Өнімдер Азияға және АҚШ-қа экспортталады.
Дей тұрғанмен, бұл кәсіп жануарларды қорғау ұйымдарының қатаң сынына ұшырап келеді. 2006 жылы «National Geographic-тің» «Қызыл барқыт» атты деректі фильмі марал шаруашылықтарында жануарларға аяусыздық таныту оқиғаларын атап көрсетті. Сыншылар Жаңа Зеландия тәжірибесіндей мүйізді кескенде ауырсынуды басатын анестезия пайдалану қажеттігін айтады.
ФОТО: РАЙАН БЕЛЛ