..."/>
ЗЕРТТЕУ

Отанға сағыныш

_MG_2612

Францияның Арль қаласындағы 2000 жыл бұрынғы жекежайларды безендіруге арналған жарқын бейнелер Рим империясына тиесілі екені анықталды. Бұл, 2014 жылдан бері археологтарды таңғалдырумен келеді. Үй қабырғаларын безендіруге арналған түрлі-түсті қаптамалар керегелерде сақталған. Мұндай дизайн көбінесе қонақ және жатын бөлмелерде кездеседі. Керегеден түсіп қалған мыңдаған бөлшектер қайта қалпына келтіріліп жатыр. Олардың арасында аңыз әңгімелерде ғана кездесетін мына кейіпкер де бар (оң жақта). Бұл – шекті аспапта ойнаған әйел бейнесі. Мұндай фигуралар бұрын-соңды Франция жерінде кездеспеген.

«Жұмыстың қымбат бояулармен әрі асқан шеберлікпен орындалғаны көрініп-ақ тұр», – дейді мамандар. О заманда мұндай туындыларды тек Италия қылқалам шеберлері жасаған екен. Өз кезегінде, бұл шалғайда жүріп үйін сағынған әрі ауқатты, әрі ықпалды римдіктің тапсырысы болуы да мүмкін. Осылайша Помпейде ғана кездесетін декор негізі б.з.д. 46 жылы Рим легиондарының ардагерлеріне арналған колония ретінде қаланған сауда қалашығынан бір-ақ шықты. Немесе тапсырыс беруші өзінің ерекше талғампаз екенін көрсетсе керек. Әлі де толық жинала қоймаған бұл фрескалар жақын арада тағы да тосын сый жасап, бүкіл әлемді таңғалдырмасына кім кепіл?!. – А.Р.Уилльямс


ҰЛЫ АЛЬФРЕД ӨЗГЕРТКЕН ТАРИХ

Металл детектордың көмегімен Оксфордшир алаңынан табылған күміс тиындар Англия тарихын қайта қарауға себеп болып отыр. Британ музейінің маманы Гарет Уилльямстың айтуынша, тиынның ортасында бейнеленген екі адамның бірі (сол жақта) Вессекстің ағылшын-саксон патшасы Ұлы Альфред екен. Соңғы деректерге сүйенсек, Альфред 878 жылы Англияның бірігуіне алып келген шайқаста жеңіп, викинг басқыншыларына тойтарыс берген. Ал ақша бетіндегі екінші адам бұл осы соғыста Альфред жағында болған Мерсия патшасы Кеолвулф II. Бұл одақ ыдырағаннан кейін Альфред жақтастары туралы барлық деректерді жойып тастаса керек. – ARW

СУРЕТТЕР: РЕМИ БЕНАЛИ (ЖОҒАРҒЫ); БРИТАН МУЗЕЙІНІҢ СЕНІМДІ ӨКІЛ


Қыш ыдыстағы құпия

Epopheles1

1990 жылы археологтар Грекиядан ежелгі заманғы қос құлақты тостаған сынықтарын тапты. Тостағанның жиегінде түрлі аң-құстар мен жануарлар бейнеленген. Бірақ ғалымдар бұл суреттердің қандай мағына беретінін анықтай алмады. Ыдыстағы сүтқоректілердің, бауырымен жорғалаушылардың және өрмекші тәріздес жәндіктердің бейнелері тек көркемдік үшін салынбағаны анық. Бұл аңшылықтың бір көрінісі деуге де келмейді. Демек, оның бізге беймәлім сыры бар.

Epopheles5

Арада 20 жыл өткенде Миссури университетінің Ph.D. докторанты Джон Барнс музейден реставрацияланған тостағанды (сол жақта) көріп, қайран қалды. Бала кезінен аспан әлеміне қызығып өскен Джон ондағы жануарлар бейнесі жұлдыздар шоғырының символы болуы мүмкін деп топшылайды. «Егер бұл жәдігерді қанша адам тамашаласа, сонша болжам айтуы мүмкін. Ал мен бұның астрономиямен байланысы бар деп ойлаймын», – дейді ол. Барнстың болжауынша, тостағандағы жұлдыздар жыл мезгілдеріне қарай топтастырылуы да мүмкін. – А.Р Уильямс

 


ТАНАМОНШАҚ КІМДІКІ?

do_C40004

Археологтар Дания мемлекетінің маңындағы Борнхольм аралынан ұзындығы 38 миллиметрлік үкі бейнесіндегі танамоншақ тауып алды. Бұл танамоншақты ежелгі Рим империясы заманындағы 150-250 жылдар шамасында қолөнер шеберлері жасаған болуы керек. Қоладан құйылған танамоншақтың шыны қабаты мен әйнегінің көп бөлігі бүлінбеген. Ол қалайша солтүстіктен табылды?! Бәлкім, сыйға келген шығар? Жоқ, Рим империясы әскерінде қызмет еткен жауынгердің бірі үйіне қайтқанда ала келді ме екен? Қайдан келсе де, бұл жәдігер құнын жойған жоқ. Бүгінде ол Копенгаген қаласындағы Ұлттық музейде сақтаулы тұр. — ARW

ЖОҒАРЫДАҒЫ СУРЕТТЕРДІ ҰСЫНҒАН: ДЖОН Е КОУЛМАН; ДЖОН ЛИ, ДАНИЯ ҰЛТТЫҚ МҰРАЖАЙЫ

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля