..."/>
ЗЕРТТЕУ

Қыран бүркіт қайсарлықтың белгісі

01

Қазаққа бүркіттен жақын құс жоқ шығар сірә. Бүркітті қазақтарша түсініп, қазақтарша бағалаған, тұрмыс-салтына етене араластырған халық кем де кем. Себебі қазақтар құс адамды өжеттілікке, ерлікке, алғырлыққа, ептілік пен еркіндікке жетелейді деп ұққан.

02

Бүркіт қаршыға тұқымдасының қырандар туысына жататын жыртқыш құс. Көбінесе тоғайлы және таулы жерде тіршілік етеді. Ұяларын ағаш басына, қырқалар мен биік шыңдарға салып, 1 немесе 2 жұртқа табады. Құстың бұл түрі көптеген елде тіршілік еткенімен кейбір ұлт өкілдері ғана оны қолға үйретіп, түлкі, қоян, елік, қарақұйрық, тауешкі мен қасқырға да салады.

03

Жұптасып тіршілік ететін қыран бүркіт ұзын тырнақтарымен жемтігінің омыртқасын бүріп қысып, тұмсығымен шоқып жейді.

04

Ертеректе қазақтар бүркітті қасиетті құс санағандықтан, сұсынан жын-шайтан қашады деп ұққандықтан жаңа қонысқа тоқтағанда, ұшынған және тіл-көз тиген бүркітпен аластайтын болған.

05

Қазақта сырттан үйге кірген адам алдымен шаңыраққа, содан кейін үйдің оң жағында бүркіт отырған жерге де сәлем білдіретін салт бар. Бүркіттің алдын кесіп өтсе, құстың сағы сынады деп ұққан.

06

07

Фото: Ерболат Шадрахов

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля