..."/>
ЗЕРТТЕУ

Қатты кристалдардан түзілген – Нұра

01

Нұра – еліміздегі суы мол ең ірі өзендер қатарына кіреді. Ол Сарыарқадағы Қарқаралы тауларының батыс сілемдерінен бастау алып, Теңіз көліне құятын негізгі өзендердің бірі.

Жалпы ұзындығы 987 шақырымнан асатын Нұра өзеннің 200-дей саласы бар.

02

Суға зәру Орталық Қазақстан жағдайында бұл өзен ауылшаруашылық саласы үшін аса қолайлы, жайылым жерлері өте кең (жасыл желекті алқабы 15 шақырымға жетеді), тереңдігі 4 метрге дейін жетеді. Өзен бойында Самарқан, Самар және Шерубайнұра су бөгеттері салынған.

Нұра өзенінің ерекшелігі оның негізгі бөлігі қатты кристалды шөгінді жыныстардан түзелген.

Өзен қар және жер асты суымен толығып, қарашаның басында қатып қалса, сәуір айының орта тұсында ери бастайды. Нұраның ірі салалары мыналар: Ақбастау, Алтынсу, Байғожа, Есен, Ұзынбұлақ, Құланөтпес, Матақ, Ащысу, Үлкен Құлынды, Көкпекті және Шерубайнұра.

03

Қарағанды мен Ақмола облыстары аумағымен ағып өтетін өзеннің сағасында Қорғалжын мемлекеттік қорығы ұйымдастырылған.

Фото: Ерболат Шадрахов

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля