АҚШ қарамағындағы өзен-сулардың қандай да бір бөлігін теңіз қорығына айналдыру туралы идеяңыз болса, мархаббат! Бұрын үкімет Калифорниядағы Норманд аралдары және Флорида-Кис архипелагы сияқты жерлерді ұсынған болатын. Бүгінде Обама әкімшілігі мұндай мүмкіндікті күллі жұртшылыққа паш етіп отыр.
Шараны назарда ұстайтын NOAA агенттігінің қасынан ашылған Ұлттық теңіз қорықтары ұйымы директорының орынбасары Мэт Брукхарт: «Ұсынылған аймақтар биологиялық немесе тарихи құндылыққа ие болуы тиіс», — дейді. Соңғы келіп түскен екі ұсыныс оңтүстік-шығыс Висконсин штатының (суретте) маңында орналасқан Мичиган көліндегі және Мэрилендтегі Потомак өзеніндегі тарихи кеме қалдықтарын қорғауға бағытталған.
«Біз бұның бәрін келешек ұрпақ үшін жасап жатырмыз», — дейді Брукхарт. – Брайан Кларк Хоуард.
Қызықтырса, www.nominate.noaa.gov. сайтына кіріңіз.