..."/>
ЗЕРТТЕУ

Маскүнемдер сайлауға қатыспасын!

Без-имени-1

1929 жылғы алкогольді ішімдікке салынған тыйым Құрама Штаттардағы жергілікті сайлаулардың жүйелі өтуіне ықпал етті. Солардың бірі – Кентукки штатының Барборвилл қалашығындағы мына аудандық сот ғимараты. Республикалық партияның үміткері, полиция қызметкері Б.П.Уолкер ішімдік ішпейтінін және білікті маман екенін (саяси плакатты көріңіз) жазып, ант-су ішті. Алайда оған «жемқорлыққа қатысы бар» деп айып тағылып, сайлаудан шеттетілді.

Ал Дженни Уолкердің оқиғасы басқаша сипатта өрбіді. Б.П.Уолкердің әйелі, демократиялық партияның өкілі арада көп уақыт өтпей Кентуккидегі алғаш рет сайлауда жеңіске жеткен әйел полиция қызметкері атанды. Дженни ешқашан қару ұстамағанмен, қызы Дорис Броуч 1982 жылы берген сұхбатында анасының Нокс ауданының учаскелік инспекторы ретінде қажет кезде адамдарды тұтқындағанын айтты.

1933 жылы ішімдікке қатысты заң күшін жойды. Бірақ Уолкер басқарған кездері, тіпті кейін де Барборвилде ішімдік атаулы болмады. Тек өткен жылдың желтоқсанынан бастап қаладағы жағдай өзгерді. 498 адам алкогольді ішімдік сатуды қолдап, ал 433 адам қарсы дауыс берді. – Ив Конант

ФОТО: © CAUFIELD AND SHOOK, INC./NATIONAL GEOGRAPHIC ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОБЫ

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля