Қансорғыштар ма, құрбандар ма? Польшаның солтүсік-батысындағы Дравско бейітінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан биоархеологтар осы сұрақтың жауабын ақыры тапқан сияқты.
Қайта қазылған 333 мәйіттің алтауы кезінде қансорғыш болуы мүмкін деген күдікпен жерленген. «Қайта тірілуіне» қарсы шаралар да қабылданған. Мұны олардың мойындарына ілінген орақ (сол жақтағы суретте) пен иек астына байланған тастан көруге болады. Зерттеушілердің пікірінше, олар бұл қоғамда қуғынға ұшыраған аутсайдерлер.
Алайда Лесли Грегорика олардың тіс эмальдарындағы радиогенді стронций изотобының арасалмағын өлшеу арқылы адамның қайдан екендігін және қайда өмір сүргенін анықтау тәсілінің дұрыс еместігіне көз жеткізді. Сол арқылы олардың бесеуінің жергілікті жерден екендігін анықтады.
Олар зорлық-зомбылықтан, аурудан немесе кісі қолынан қаза табуы мүмкін бе? Бұл сауалдардың қай-қайсысы да олардың күдікті көрінуіне түрткі болуы ықтимал. Грегориканың айтуынша, орта ғасырдан кейін Польшада тылсым күшті кінәлау «түсініксіз дүниелерді түсіндірудің жалғыз жолы болған екен»…
Джереми Берлин