..."/>
ЗЕРТТЕУ

Жеңіл жүктілік

Einsendung

Бедеулікті микророботтың көмегімен емдеуге болады деседі. Бүгінде миллиондаған жұптар балалы болуды армандайды. Жұмыртқа жасушасының әлсіздігі, эндрометриоз (жатыр мойынының патологиясы) және жас ерекшелігі сияқты бедеуліктің жиі кездесетін себептерінен көбіне әйел адамдар қиналады. Алайда тіркелген жағдайлардың 20 пайызға жуығында белсіздік ер адамның денсаулығына байланысты деп көрсетілген. Яғни мәселенің түп тамыры мөлшері аз, дұрыс қалыптаспаған немесе баяу жылжитын шәуетте.

«Спермботты» таныстыратын болсақ, бұл летаргиялық аталық жасушаны діттеген жерге жеткізуге арналған шағын ғана, штопор пішінді қозғалтқыш. Магнит арқылы басқарылатын бұл құрылғы алдымен сперматозоид құйрығының сыртынан кигізіледі. Сосын аталық жасушаны алға қарай итеріп, ақыр соңында аналық жұмыртқа клеткасына аман-есен жеткізеді. (Бұл процедура жатын бөлмеде емес, ауруханада оңаша жерде жасалады). Неміс ғалымдары ойлап тапқан бұл құрылғы болашақта жасанды ұрықтандыруда маңызды қызмет атқаруы мүмкін.

«Спермбот» құрылғысы бұқаның шәуеті мен жұмыртқа жасушалары (суреттегі) арқылы сыналды және әлі күнге дейін оң нәтижесін берген жоқ. Репродуктивті эндокринолог және Атланта репродуктивті медицина орталығының зерттеушісі Робин Фогл: «Бұл ғажап идея. Бірақ бұған күмәнмен қараймын», – дейді.

Ғалым әрі «спермбот» инженері Оливер Шмидт спермботты әрі қарай өңдеп, әсіресе, өзге медициналық әдістер көмектеспеген жағдайда бедеулікке ұшыраған жұбайлардың сәби сүю мүмкіндігін арттыруға болатынын айтады. – Кэтрин Цукерман

ФОТО: DOI РҰҚСАТЫМЕН ҚАЙТА БАСЫП ШЫҒАРЫЛДЫ: 10.1021/ACS.NANOLETT.5B04221 © 2016 АМЕРИКА ХИМИЯ ҚОҒАМЫ

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля