..."/>
ҮШ СҰРАҚ

Марсқа уақыт капсуласы жете ме?

MD1116_3Q_160229_0347

23 жастағы әуе-ғарыш инженериясы мамандығы­ның студенті Эмили Бриер Қызыл ғаламшарға Жердегі хат-хабар жүктелген шағын уақыт капсула­сын жіберуді көздейді. Осы жоба басшысы ретінде ол Құрама Штаттар бойынша барлық колледж сту­денттерін осы мақсатты бірге орындауға шақырды.

— Ғарыш кемесі бөгде ғаламшарлықтармен тілде­суге арналған ақпарат тасымақ. Сонда сіз кіммен байланыс құрмақсыз?

— Уақыт капсуласы адамзатты Марс ғаламшарына аяқ басып, оны игеруге шақырады. Күндердің күні ол жаққа көшіп барғанымызда уақыт капсуласы National Geographic мұражайында немесе Смитсон институтында қаншалықты алға ілгерілегеніміздің белгісі ретінде тұратын болады.

— Уақыт капсуласын қалай құрастырмақсыз?

— Бұл жұмысты қолжетімді бағада – дүкендегі етік қора­бының көлеміндей CubeSat ғарыш кемесімен орындауға болады. Жобаға қатысу үшін студент болуыңыз керек. Біз әртүрлі университеттерде алуан түрлі қосалқы жүйе құрамыз. Мәселен, Массачусетс технология институтының зертханасы иондық электрлі қозғалысты сынақтан өткізу­де. Ал Стэнфорд зертханасы ғарыш аймағын зерттеуде. Біз осынау үлкен ғылыми міндетті орындауға атсалысатын қосымша күшпіз.

— Уақыт капсуласы неден құралмақ?

— Капсула дүниежүзіндегі адамдар жүктеген цифрлық суреттерден, бейнежазбалардан және дыбыс жазба­ларынан тұрады. Ондағы ақпарат Жер ғаламшарының толық әрі анық бейнесін қамтамасыз еткенін қалаймыз. Біз Марс ғаламшарына бір елдің немесе жекеменшік компанияның мүддесімен емес, адамгершілік тұрғы­сынан қараймыз.

ФОТО: РЕБЕККА ХЕЙЛ, NGM ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

АТАЛМЫШ МАҚАЛА КӨЛЕМІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ӨҢДЕЛІП, БАСЫЛДЫ

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля