..."/>
ЗЕРТТЕУ

Есі кеткен саңырау құр

DSC_0276

Құр – тауықтәрізділер отрядына жататын орман құсы. Бұл құстың Еуразия континентінде екі түрі (саңырау құр, тас саңырау құр) бар. Саңырау құр ТМД аумағындағы Карпаттан Байкалға дейін таралса, ал тас саңыраулары Байкал мен Сахалин арасынан кездестіруге болады. Қазақстанда кеңінен тараған саңырау құр Жайық пен Ертіс өзені аралығын тұрақты мекендесе, ішінара Алтай, Тянь-Шань және Жоңғар Алатауы баурайынан да кездесіп қалып жатады.

Қоразы ірі, түсі негізінен қара, ал қанатында қиғаш өскен ақ жолақ болады. Құйрығының қауырсыны сыртына қарай қайырылған күйі өседі. Ал мекиені, яғни ұрғашысының түсі шұбар келеді. Аталығының дене тұрқы 56-85 см. дейін жетсе, салмағы 4-5,5 кг, кейде 6,5 кг. дейін барады. Аналығы 4-12 дейін жұмыртқа салып, 23-25 күнде басып шығарады.

Құстың бұл түрі ұясын бұтаның, ағаштың түбінен шұңқыр қазып салады. Оған майда бұтақтар, жапырақ, кейде мүк пен қауырсын төсейді.

Негізгі қорегі – дәнді-дақылдар, құрт-құмырсқа, жеміс-жидек және өсімдіктер.

Бұл құс неге «саңырау құр» деп аталды дегенде оның аталықтары құсойнақта, яғни ұрғашыларымен шағылысар шақта бірнеше секундқа есі кетіп, естімей қалатыны бар. Осыны байқап қалған адамдар оларды «саңырау құр» деп атап кеткен.

Табиғатта саңырау құр мен тас саңырау құр буданы да кездеседі.

 

Фото: Михаил Шпигельман

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля