..."/>
САЯХАТ

Айша, сен енді бибі болдың!

01

Жамбыл өңірі киелі жерлер мен тарихи ескерткіштер, қорымдар мен кесенелерден кенде емес. Көне замандардан құпиясынан сыр шертіп тұрғандай әсер қалдыратын ондай жерлер өңірге туристер тартуда да негізгі құрал ретінде қарастырылады. Сондай қасиетті орындардың бірі – Айша бибі кесенесі. Ол кесене ЮНЕСКО-ның ХІІ ғасырдағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіштері тізіміне алынған.

02

9 ғасырда бұл кесененің тек батыс бөлігі ғана сақталып қалған болатын. Ал, 2001-2004 жылдары күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген шеберлер этнографтармен келісе отырып, кесененің бұрынғы қалпын сақтап қалуға тырысты. Және ол еңбек ақталды да.

03

Аумағы 7,6х7,6 метрге тең кесененің бұрыштары бағаналармен тірелген. Кесененің қақ ортасында құлпытас орнатылған. Кесененің Батыс жақ бөлігі мен бағаналары ұсақ плиткалармен қапталған. Кесененің жоғарғы жағындағы бағаналарға араб әрпінде  «күз, бұлтттар, дөңгеленген дүние» деген де жазу жазылған.

04

Кесене қабырғаларының сыртқы беті ұсақ 60 түрлі әшекей плиткалармен безендірілген. Қашаумен үңгіп жасалған бұл оюлар бір-бірімен қиюласып, кесененің мақсатына сай сәулеттік сипат, композициялық шешімін тапқан тәрізді.

05

Айша-бибі құрылысына байланысты нақты дерек жоқ. Алайда, қос ғашықтың өміріне қатысты ондаған аңыз-әңгіме бар. Соның бірінде Айша-бибі ғалым Хәкім Сүлейман Бақырғанидің қызы екені, ол Тараз әміршісі жас Қарахан Мұхаммедтке ғашық болғаны айтылады. Сонда сөз байласқан ғашығынан ұзақ уақыт қол үзіп қалған Айша бибіні өз бетімен сүйіктісінің еліне бара жатқанда жылан шағып алады. Денесін у жайлап, тынысы тарыла бастағанда шақта Қарахан өзімен бірге еріп барған молдаға некесін қиғызады.

06

Содан кейін ол қалыңдығын қолына алып, Айшаның құлағына: «Айша, сен енді бибі болдың!» деп сыбырлап, жергеленгеннен кейін, басына әсем күмбез тұрғызуды әмір етеді.

07

08

Бүгінде сол күмбез қос ғашық махаббатының өшпес белгісіндей Тараз қаласының іргесінде менмұндалап тұр.

09

Фото: Ерболат Шадрахов

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля