..."/>
NATIONAL GEOGRAPHIC

Музыка арқылы математиканы меңгеру

MD0317_ST_EL_NATGEO_Hancock_Shorter_066-FIN

Херби Хэнкок пианинода, Уэйн Шортер саксофонда ойнайды. Олар ХX ғасырдың 60 жылдары бірігіп топ құрған. Музыканттар шығармашылығы әлі де өркендеу үстінде. Нил Деграсс Тайсонмен болған қызу сұхбатта ғылым, ­білім, музыка мен шабыт жайы сөз болды.

Нил Деграсс Тайсон: Әңгіменің әлқиссасын екеуіңіздің жасыңызды қосқанда, 160 жылдық өмір болатынынан бастасақ. Уэйн, сіз…

Уэйн Шортер: Мен 82 жастамын.

НТ: Херби ше?

Херби Хэнкок: Жасым 76-да.

НТ: Екеуіңіз де ширақ көрінесіздер. 1970 жылы алғаш альбомдарыңызды сатып алғаннан бері өзгермеген екенсіздер. Музыкамен жас кезден айналысып келесіздер ме?

УШ: 15 жасымда әр сенбі сайын сабақ ала жүріп, кларнетте ойнай бастадым. Кейінірек 16 жасымда саксофонға ауыстым. Бұрын бізде патефон бар болатын. Двор-жактың «Жаңа әлем симфониясы» секілді әуендеріне ілесіп саксофонда ойнап, қажетті тұстарында қосылып, тіпті басқаша өңдеуге тырысатынмын.

Гимназия сабағынан қашып, Чарли Паркер, Диззи Гиллеспи, Телониус Монктарды тыңдайтынмын. Бірде мені проректор ұстап алып, қайда барып жүргенімді сұрады. Гиллеспи, Паркер, Лайонел Хэмптон түскен таяу маңдағы музыкалық фильмдер театрында болғанымды айттым. Проректор музыка үйірмесінің жетекшісін шақырып, мені сол сыныпқа ауыстырып жіберді.

НТ: Мұндай жағдай 6-сыныпта менің де басымнан өткен. Оқушы кезімде аздап тентектеу едім, шектен шығып кететін кездерім де болған. Жазбаларымның барлығы астрономияға қатысты еді. Мұны көрген мұғалімім Нью-Йорктағы Хейден планетарийінде физика, математика және дүние тануды тереңдетіп оқытатын сыныптар бар екенін айтты. Мен сонда оқи бастадым және бар ынта-жігерімді жұмсап, қызығушылығымды толықтай қанағаттандырдым. Хэрби, 11 жасыңызда пианино жарысында жеңіске жетіпсіз?

ХХ: Иә! Бұл – жастар арасындағы концерт топтамасы Чикагода өткен еді. Егер жарыста жеңіске жетсең, тыңдалым кезінде пайдаланған музыканы Чикаго симфония оркестрімен бірге ойнайсың.

Менің музыкаға деген қызығушылығымның оянуына екі нәрсе себеп болды. Соның бірі – анам. Ол досымның үйіне бара салысымен, ең алдымен «Сенің пианиноңда ойнауға бола ма?» деп сұрайтынымды байқап қалып, әкеме: «Бұл балаға пианино әперейік», – деген екен. Содан ағам, әпкем және мен үшеуміз сабақ алуды бастадық. Үш жыл өткен соң, олардың спортқа деген қызығушылығы оянып пианиноны тастап кетті. Ал мен тым жас болдым, қолымның кішкентай болуына байланысты спортқа икемім келмегендіктен, сабақты жалғастыра бердім. Уақыт өте келе пианинода ойнауда ешкімге дес бермейтіндей деңгейге жеттім.

Нил Деграсс Тайсон National Geographic-тің StarTalk телевизиялық топтамасының жүргізушісі. Оның жаңа кітабы «Жұлдыз бен сұхбат: Ғарышқа саяхат, Ғылыми-фантастика, Адамзат нәсілі, ғалам және одан әрі білуге тиіс ақпарат» деп аталады. Ол кез келген кітап дүкенінде, сондай-ақ shopng.com/startalk сайтында сатылады.

Нил Деграсс Тайсон National Geographic-тің StarTalk телевизиялық топтамасының жүргізушісі. Оның жаңа кітабы «Жұлдыз бен сұхбат: ғарышқа саяхат, ғылыми-фантастика, адамзат нәсілі, ғалам және одан әрі білуге тиіс ақпарат» деп аталады. Ол кез келген кітап дүкенінде, сондай-ақ shopng.com/startalk сайтында сатылады.

ФОТО: УИЛЬЯМ ГАЛЛАН, GETTY IMAGES КЕСКІНІ

ҚОС ЭКСПОЗИЦИЯЛЫ ПОРТРЕТ (АЛДЫНДА – ХЭНКОК, АРТЫНДА– ШОРТЕР) ЭТАН ЛЕВИТАС 2016 ЖЫЛДЫҢ МАМЫРДАҒЫ «ЖҰЛДЫЗБЕН СҰХБАТТАН» ТЕРІЛГЕН. БҰЛ СҰХБАТТЫҢ КӨЛЕМІ ӨЗГЕРТІЛДІ


НТ: Мен білімімді жұртшылыққа жеткізбес бұрын қандай сөз айтатынымды алдын ала әзірлеп алатынмын. Сосын аудиторияның алдында тұрып, астрофизика туралы лекция оқимын. Егер сәтті шықса, жұрт тыңдайды, үйренеді және біліммен сусындап, оны бойына сіңіреді. Бұл – мендегі қарым-қатынастың өзегі болып табылады. Ал сіздегі қарым-қатынас өзегі – музыка.

ХХ: Ең бастысы – адам болып қалу және істеген әр ісіңізбен адамгершілікке баулу. Ол – атақ үшін ғана емес, жақсы ісіңізбен танылған нәрсе үшін қажет. Екеуміз де Майлс Дейвиспен бірге ойнадық (Квинтет құрамында басcист Рон Картер, барабаншы Тони Уилльямс болды).

УШ: Бірде Тони Уилльямстан «Барабанда ойнап жатқанда не туралы ойлайсың?» деп сұрағанда, ол «Егер барабанда ойнағанда не туралы ойлайтынымды айта алсам, онда ойнауға қақым жоқ» деп  жауап беріпті.

ХХ: Иә, адамдар әлі күнге дейін жаңа музыка стилін жасап келеді.

НТ: Музыкадан ғылыми тақырыпқа ауысумен қызықтырып қойдыңыздар. Әсіресе, бүкіл әлем туралы ғылымның өмірдегі рөлі қандай?

ХХ: Мен жауап берейін. Бала кезімде, пианинода ойнамас бұрын, түрлі сағаттарды әдейі шашып тастап, жөндеуге тырысатынмын, себебі әрдайым сондай іске құмар болдым. Электрлі пойызымды жөндеуге талпынғанымша бәрі жақсы болатын. Сол үшін бір таяқ жеп алдым.

НТ: Болашақта ештеңе бөлшектелмейді, біртұтас болатындықтан келер ұрпақтың қызығушылығына жағдай жасалмайтындығы айтылып жүр. Компьютеріңіздің бөлшектерін ашып көруге араласпайсыз. Яғни, қалай жасалғанын үйренуге құлшыныс танытатын әуесқойлар әлемі жоғалып кетуі ықтимал.

ХХ: Музыкада жаңашылдық бар. Неліктен балалар музыканы жақсы көреді? Біздің «Математика, ғылым және музыка» (STEАM) деп аталатын жаңа жобамыз бар. Мұнда математика мен ғылымды үйрету үшін музыка қолданылады. Оны ЮНЕСКО мойындап отыр.

НТ: STEM деп ғылым, технология, инженерия және математика білімдерін қамтитын жүйені айтамыз, ол бізге таныс. Аталған сөзге «А» әрпін қосқан қозғалыс та бар: STEAM – ғылым, технология, инженерия, өнер және математика. Ал енді сіз өнер туралы білімнің өмірдегі, қоғамдағы және әркімнің жеке дамуындағы құндылығы туралы айтып кетсеңіз.

ХХ: Көптеген жастардың математика мен ғылымға қызығушылығы жоқ екендігін, алайда музыканы жақсы көретіндігін естідік. Ендеше, соларды қызықтыратын нәрсені математика мен ғылымды үйретуге қолданайық. Бұдан өнер қауымдастығы да, адамзат та – бәрі-бәрі ұтады.

НТ: Иә.

ХХ: Ғылыми мен музыка арасында өте көп байланыс бар. Мәселен, Эйнштейн скрипка тартатын.

НТ: Джон Колтрейнге Эйнштейн әсер еткенін оқып едім.

УШ: Ал Доктор Альберт Швейцер органда ойнаған.

ХХ: Ғылыми орта қазіргі технология ғасырын жасады. Алайда оларға шабыт қайдан келді? Гуглды ойлап тапқандардың бірі – Ларри Пейдж секілді танымал тұлғаларға осы сауалды қойсаң , музыка көп әсер еткендігін айтқан. Көптеген ғалымдардан «музыкамен байланысыңыз бар ма?» деп сұрағанымда, олардың 85 пайызға жуығы «иә» деп жауап берді. Ендеше, өнерге қызығатын адамдар қазіргі өмір сүріп жатқан технология ғасырын жасаған болса, өнер біздің және олардың өркендеуі үшін де қажет.

MD0317_ST_EL_NATGEO_Hancock_Shorter_076-FIN

«Маған бүкіл әлемге құштар өнер адамын табу ұнайды».

Шортер (сол жақта) және Хэнкок

Шортердің Хэнкок және өзге де өнерпаздармен бірлесіп жасаған туындысы «Уэйн Шортер: Нөлдік тартылыс» атты деректі фильмнің тақырыбына айналды. Бұл жұмыста «өмір сүйгіштік, ештеңеге тәуелді болмаған өтпелі кезең» сипатталмақ.

ФОТО: ЭТАН ЛЕВИТАС

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля