..."/>
ЗЕРТТЕУ

Зымыраған зымыран

zymyran

Осы күні біз «зымыран» деген сөзді естісек болды көз алдымызға ғарышқа ұшырылған зымыран, не болмаса әскери зымыранның түр түрі елестейтін болған. Соған қарағанда бұл сөз ел ішінде кең таралып кетсе керек. Ал негізінде «зымыран» қазақта бұрыннан бар сөз. Қазақтар «зымыран» деп тұмсығы тік, әрі үшкір көкқарға тұқымдас құсты атаған.

Халық жазушысы Шерхан Мұртаза өзінің «Жүз жылдық жара» деген шығармасында зымыранды былайша суреттейді: «Жұды­рықтай ғана ұясында жұмыртқа басып жат­қан зымыран құс дәл тұмсығының астында отыр­ған инелікті көрген бойда жылтың етіп ұясынан зымырап шығып, әлгі аңқау, сәнқой инелікті қағып алады. Сойталдай инелік ұстау зымыранға соғым сойғанмен бірдей ғой».

Зымыран қанатының ұзындығы 8 см., ал салмағы 27-38 гр. аралығында болады. Оның дене тұрқы қара көк түсті болып келеді. Тамағы мен мойнының айналасы ақ, жемсауы көгілдір, бауыры жирен, тұмсығы қара, аяқтары қызыл болады. Ол шыбын-шіркей, майда балықтар және инеліктің дернәсілдерімен қоректенгенді ұнатады.

Зымыран – жыл құсы болғандықтан көбінесе Оңтүстік Африка және Оңтүстік Азия елдерінде қоныстанған. Қазақстанда Сырдариядан Алтайға дейінгі оңтүстік-шығыста және Жайық алабында ұялайды. Ұясын тереңдігі бір метрге дейін жететін ескі інге салады.

Сәуірдің соңында ұшып келіп, қазанның ортасында ұшып кеткенімен олардың арасында Қазақстанның оңтүстік аймақтарында қыстап қалатындары да бар.

Фото: Ерболат Шадрахов

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля