..."/>
ЗЕРТТЕУ

Қытайлықтардың күш көрсетуі көршілерін сансыратып тұр

Филиппиндік жұмысшы мұздатылған тунецті қытай жүк кемесіне тиеу үшін ұрып жібітуде. Балықты шамадан тыс көп аулау Оңтүстік Қытай теңізіндегі балық популяциясына қауіп төндіруде.

Филиппиндік жұмысшы мұздатылған тунецті қытай жүк кемесіне тиеу үшін ұрып жібітуде. Балықты шамадан тыс көп аулау Оңтүстік Қытай теңізіндегі балық популяциясына қауіп төндіруде.

Бұл жерде марлин және тунец тәрізді балықтың бағалы түрлерін табу қиындап барады. Кезінде әлем бойынша балығы ең көп теңіздің кедейленуі миллиондаған адамның азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін.

Бұл жерде марлин және тунец тәрізді балықтың бағалы түрлерін табу қиындап барады. Кезінде әлем бойынша балығы ең көп теңіздің кедейленуі миллиондаған адамның азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін.

Бірде Оңтүстік Қытай теңізінде (ОҚТ) Кристофер Тубоның ауына 300 келілік көк марлин түсті. Бұл бірнеше жыл бұрын болған оқиға еді. Ол кезде Кристофер үйіне тунец секілді аса бағалы балықтармен оралатын. Ол соңғы төрт жылда балық аулауға келіп жүрген Сулу теңізіне қарап тұрып: «Енді оның бірі де жоқ», – деді. Оның «банкас» деп аталатын филиппиндік аутриггер кемесі күн астында қаңсып тұр.

Кристофер шығысында Филиппиндер топ аралы, батысында даулы ОҚТ-мен шектесетін Пуэрто-Принсеса қаласында тұрады. Сулу теңізі жағалауындағы Палаван аралында орналасқан қаланың 255 000 тұрғыны бар. Кристофер ОҚТ-дан ежелден нәпақасын айырып жүрген 320 000-нан астам филиппиндік балықшының бірі. Енді ол балықты экологиясы мәз емес сулардан аулауға бара бастаған.

Себеп, Қытай үкіметі осыдан сегіз жыл бұрын бұл аймақтан балықшыларды қуып шығып, таласқа түскен аралдарда әскери нысандарын орнатып, қатаң саясат ұстануда. Қытай жағалау қызметінің кемесі досының кемесін су зеңбірегімен атқылағаннан кейін Кристофердің өзі де ОҚТ-ға балыққа шығуды қойды.

Кристофердің шешімі аймақтағы жағдайдың шиеленісіп бара жатқанын көрсетеді.

3,6 миллион шаршы шақырым алапты алып жатқан ОҚТ-ның экономикалық, әскери және экологиялық маңызы зор. Теңізде жыл сайын халықаралық сауданың 5,3 триллион долларға жуық қаражаты айналып жатады. Бұл теңіз биоалуандылығы жағынан жер бетіндегі өзге теңіз экожүйелерінен бай, әрі оның балығы жағасындағы он елдің халқына жұмыс беріп отыр.

Олардың ішінде жетеуі – Бруней, Қытай, Индонезия, Малайзия, Филиппиндер, Тайван және Вьетнам – бір-бірімен аумақтық текетірес жағдайында тұр. Ал алда-жалда әскери қақтығыс бола қалса, Филиппиндердің бұрыннан бергі одақтастары, екі держава – АҚШ пен Қытай бірдей араласатын болады. Бұл дауға бүкіл әлем көз тігіп отыр. Тағы бір үлкен, бірақ аса қауіп тудырмайтын мәселе – балықты артығымен аулау. ОҚТ 3,7 миллионнан астам адамға жұмыс тауып беріп отыр. Бірақ ондаған жылдар бойғы «тегін балық аулау бәріне рұқсат» саясаты әсерінен балық қоры таусылуға шақ. Ал бұл азық-түлік қауіпсіздігі мен балықтың арқасында жылдам дамып жатқан елдердің экономикалық өсуіне қауіп төндіруде.

Қытай бүкіл теңізді өзінікі санайды. Ол ежелден Қытайдыкі деп үлкен аумаққа демаркация жасады, алайда халықаралық заң бойынша оған өзге елдердің де сулары кіреді. ОҚТ-ның бойындағы елдердің барлығы, соның ішінде Филиппиндер де бар, БҰҰ теңіз құқығы туралы Конвенциясына сүйеніп өздерінің наразылығын білдіруде.

2013 жылы Филиппиндер Гаага трибуналына шағым түсірсе де, Қытай елінің өкілдері ол сотқа қатысудан бас тартқан болатын. 2016 жылдың 12 шілдесінде трибунал «БҰҰ-ның Конвенциясын 1996 жылы ратификациялағанда барлық тарихи құқығынан айыр ылған» дегенді ашық айтып, істі түгелімен дерлік Филиппиндердің пайдасына шешті. Ал Қытай арбитраж сотының үкіміне мән бермейтіндігін аңғартты.

Филиппиндіктер аулаған балықтарын алып, жағаға қарай беттеп келеді. Сары қанатты тунец (төменде) Филиппиндердегі тунецтің «астанасы» саналатын «Генерал Сантос» айлағына бет түзеген. ОҚТ балыққа бай, бірақ жағдай ұзаққа бармауы мүмкін.

Филиппиндіктер аулаған балықтарын алып, жағаға қарай беттеп келеді. Сары қанатты тунец (төменде) Филиппиндердегі тунецтің «астанасы» саналатын «Генерал Сантос» айлағына бет түзеген. ОҚТ балыққа бай, бірақ жағдай ұзаққа бармауы мүмкін.

Балықшы халықаралық деңгейде дау тудырып отырған ОҚТ­дан ұстап алған марлинді алып келе жатыр. Балық жолындағы бәсекелестік дауды күшейте түсті. Филиппиндік балықшылар мемлекеттік сулардан ары шықпауды жөн көреді.

Балықшы халықаралық деңгейде дау тудырып отырған ОҚТ-­дан ұстап алған марлинді алып келе жатыр. Балық жолындағы бәсекелестік дауды күшейте түсті. Филиппиндік балықшылар мемлекеттік сулардан ары шықпауды жөн көреді.

ОҚТ-ның төңірегіндегі бұл талас-тартыс балықшылардың бәсекелестігін күшейтіп қана қоймай, балық үшін күресте дау-дамайды өршіте түсті. Бүгінде теңіздің кей бөліктерінде бұдан алпыс жыл бұрынғы балық қорының тек оннан бірі қалған.

«Біз әлемнің бұрын-соңды болмаған ең үлкен балық шаруашылығы апатына куә болып отырмыз. Жойылып кетуге шақ қалған жүздеген балық түрлері жайлы айтып отырмыз. Олар салыстырмалы түрде бірінен кейін бірі тез жойылатын болады», – дейді аймақтағы маржан рифтерін зерттеп жүрген Майами университетінің теңіз экологы Джон Макманус.

Жағалауға жақын суларда балық азая бастағанда, көп балықшы ақша табу үшін ұлттық шекараны асып, даулы аумақтарға ау салып жүр.

Ал Қытай жағы өз балықшыларына ашық қолдау көрсетіп, талаптарын күшейте бастады. Ол жағалау күзеті мен әскери балық аулау флотилиясын біріктіріп, сапалы кемелер мен жанармайға субсидия бөлді. Тіпті, Қытайдың оңтүстіктегі нүктесінен (Хайнан аралындағы айлақ) 900 шақырымдай жердегі Спратли аралының төңірегінде жұмыс істеуі үшін қытай балықшыларына арнайы субсидия да бөлген. «Қытай тарапынан жасалған озбырлық балықтың азаюына алып келді», – дейді Колумбия аймағы Уашингтон қаласындағы Стратегиялық және халықаралық зерттеу орталығының қызметкері Грегори Полиң.

«Қытайлықтар, сондай-ақ Спратлиде әскери нысандар тұрғызу үшін маржанды риф терді жасанды аралдарға айналдырып жатыр, – дейді Уашингтон Ұлттық әскери колледжінің Оңтүстік-Шығыс Азия саясаты және теңіз қауіпсіздігі жөніндегі сарапшысы Захарий Абуза. – Қытай өзге елдерді теңіздің табиғи байлығына жолатпау арқылы өзінің үстемдігін көрсетуге тырысуда».

i53123_160625_01970

Филиппиндіктер кемесінің жарығына балықтар жиналып, судың бетінде қалқып жүр. Бұл суларда Филиппиндер, Қытай, Вьетнам және Тайван балықшыларының кәсібі іс жүзінде еш реттелмейді. Пуэрто­Принсесада филиппиндіктер балық ауын бүтіндеп жатыр.

Филиппиндіктер кемесінің жарығына балықтар жиналып, судың бетінде қалқып жүр. Бұл суларда Филиппиндер, Қытай, Вьетнам және Тайван балықшыларының кәсібі іс жүзінде еш реттелмейді. Пуэрто­Принсесада филиппиндіктер балық ауын бүтіндеп жатыр.

Эухенио Бито-онон, кішісі – Спратлидегі Калаян муниципалитетінің бұрынғы мэрі. Ол Қытайдың бұл аймақтағы ықпалын күшейту үшін балықшыларға қалай күш қолданатынын өз көзімен көргенін айтады.

Ноутбугінен Гугл Жер ғаламшары деген браузерді ашып, одан Спратли аралдары аумағынан Титу аралын тауып алды. Онда әскери жасақпен бірге 200 филиппиндік тұрып жатыр. Осы арқылы филиппиндіктер сол жерге иелік етуге құлықты екенін білдіруде.

Бито-онон Қытай иемденіп алған Суби рифі Титуға қаншалықты жақын екенін көрсетті. «Жақындығы соншалық ауа райы жақсы күндері тұрғындар оны дүрбісіз көре алады, – дейді мэр. – Ал рифтердегі балықты түк қалдырмай аулап алып кететін қытайлар одан да жақын. Қытай балық аулағыш кемелерінің бірін-бірі алмастырып, келіп-кетіп жатқанына үш жыл болды, көз алдымыздан олардың кемелері ешқашан үзілген емес».

ОҚТ-да талас-тартыс тоқтамай, балық аулауды реттеу мүмкін емес-ау. «Балық шаруашылығы туралы бір-біріне қайшы жеті заң тұрғанда кімнің заңы бойынша жүреріңді де білмейсің, – дейді Полиң. – Бір ел өзге елдердің Балық аулау туралы заңын әдейі бұзады. Өйткені өзге елдің заңымен жүру сол елдің аймақтағы заңдық ережелерін мойындау дегенді білдіреді».

i53123_160628_00536

Филиппиндердегі ең ірі Навотас балық айлағы кешенінің жұмысшылары өнімді сұрыптауда. Бұл аймақтың халқы үшін протеиннің басты көзі – балық, сондықтан оның құруы апатты нәтижеге соқтыруы мүмкін.

Филиппиндердегі ең ірі Навотас балық айлағы кешенінің жұмысшылары өнімді сұрыптауда. Бұл аймақтың халқы үшін протеиннің басты көзі – балық, сондықтан оның құруы апатты нәтижеге соқтыруы мүмкін.

Бір ел өзінің жерін қорғауға тырысса, жағдай шиеленіседі. 2012 жылы филиппиндік әскери-теңіз флотының кемесі ел жағалауынан 222 шақырым жердегі Скарбороның таяз суларында заңсыз балық аулады және сирек маржандарға, алып моллюскалар мен акулаларға браконьерлік жасады деген күдікпен қытайлық балықшыларды тұтқынға алмақшы болды. Сонда Қытай жағалау күзет кемесі жетіп кеп, әлгілерді тұтқындауға жол бермеді.

Он аптадан кейін екі жақта ол жерден кетуге келісті, бірақ Филиппиндер кемесі кеткенмен, қытай кемесі қарқынды бақылауды өз қолына алып, сол жерде қалып қойды.

Филиппиндік кейбір балықшылар қолдан жасалған жарылғыш бомба лақтыру және ұстап алуға оңай болсын деп балықтарды есінен тандырып, қимылын баяулататын цианид уын қолдану тәрізді қатерлі, әрі заңсыз әдістерді қолданады. Мұның екеуі де коралдар мен өзге де балықтарды өлтіріп, теңізге зақым келтіреді, шектен тыс балық аулау дағдарысына итермелей түседі.


МАЗАСЫЗ СУЛАР

Халықаралық заң бойынша теңіз жағасында орналасқан елдер жағалаудан 370 шақырымға дейінгі теңіз аумағын барлап, табиғи байлығын пайдалануына құқығы бар. Бірақ халқы тығыз орналасқан, теңіздегі талаптары мен міндеттері бір-­бірімен «ұстасып» жатқан ОҚТ тәрізді жерлерде жағдай басқаша.

Теңіз аумағын бақылау декларациясы бойынша Қытай 9 аумаққа (қызыл) бас­көз болғысы келеді. Бұл шептерге Вьетнам, Малайзия, Филиппиндер, Бруней мен Индонезия да мүдделі. 2016 жылы х/а трибунал Қытай шағымын қанағаттандырмады.

Теңіз аумағын бақылау декларациясы бойынша Қытай 9 аумаққа (қызыл) бас­көз болғысы келеді. Бұл шептерге Вьетнам, Малайзия, Филиппиндер, Бруней мен Индонезия да мүдделі. 2016 жылы х/а трибунал Қытай шағымын қанағаттандырмады.


Әсіресе, рифтерге Қытайдың қолдан арал жасауы, алып моллюскаларды браконьерлік жолмен аулауының жиілеуі орасан зиян келтіруде. Моллюскаға жету үшін рифтің көп жерін қазып тастау керек, браконьерліктің осы түрі рифтердің жойылып кетуіне әкеп соқтыруда. Ол өз кезегінде балық санының кемуіне әсер етеді. Риф қираса, экожүйе толығымен бұзылады. Риф балықтары мекенінен, тунец тәрізді пелагиялық (жағалаудан алыс теңіз суының беткі қабатында мекендейтін) балықтар маңызды жемтік көзінен айырылады; бір рифтегі балық уылдырықтары өзге рифтерді балықпен молайта алмайды.

«Біз ОҚТ рифтері жойылуының куәсі болуымыз әбден мүмкін. Бұл – нағыз тағылық», – деді МакМанус. Сарапшылардың айтуынша, аймақты бірлесіп басқару, балық аулау кемелерінің санын айтарлықтай қысқарту және балық аулаудың кейбір әдістеріне тиым салу ОҚТ-дағы балық шаруашылығын тұрақты етуге көп септігін тигізер еді. Бірақ Полиң уақыт өте келе балық өсімін құлдыраудан сақтайтын мұндай шараның жүзеге асуына күдікпен қарайды.

«Бәрінен бұрын дауласуды доғару керек. Егер басқа елдер өз талаптарын халықаралық заңдарға сүйене отырып қойса, ал Қытай кеңейтілген юрисдикциялық талабын алға тарта берсе, ешқашан бітім болмайды», – дейді ол. Көрші елдер қол қусырып қарап отырып, балықшыларының көп аулауын қолдаса да, қолдамаса да, ОҚТ-ның басты байлығы – балығы жойылып барады.

Автор: Рейчел Бэйл фото: Адам Дин

ДЖОН БОУЭН, NG ҚЫЗМЕТКЕРІ

ДЕРЕК КӨЗІ: ASIA MARITIME TRANSPARENCY INITIATIVE, СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ


Бұл – National Geographic-тің журналистері мен фотографтарының Dispatches деген жолжазбалар топтамасының тұсаукесері. Материал BAND және Woodtiger қорлары грантының көмегімен дайындалды. Қосымша ақпарат Аврора Альмендральдан алынды.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля