..."/>
ЗЕРТТЕУ

Өмір яки өлім

Кекілді қара макака Сулауесидегі табиғи қорықта тұр. Ғалымдар «яки» деп аталатын бұл маймылдарды зерттеу арқылы олардың мінез-құлқынан адамдарға ұқсас тық іздейді.

Кекілді қара макака Сулауесидегі табиғи қорықта тұр. Ғалымдар «яки» деп аталатын бұл маймылдарды зерттеу арқылы олардың мінез-құлқынан адамдарға ұқсастық іздейді.

Кекілді қара макакаларды жойылып кету қаупінен құтқаруға бола ма?

Бұл ашық мінезді маймылдардың бір күндік өмірі Тангкоко қорығын шарлап, тамақ жеу, бұзықтық жасаудан тұрады. Егер біреуі бөлектеніп қалса, топтағылар оны қиқулап жүріп шақырып алады.

Бұл ашық мінезді маймылдардың бір күндік өмірі Тангкоко қорығын шарлап, тамақ жеу, бұзықтық жасаудан тұрады. Егер біреуі бөлектеніп қалса, топтағылар оны қиқулап жүріп шақырып алады.

Автор: Дженнифер С. Холланд Фото: Стеффано Унтертхинер

Индонезия саябағында фотографтың фотоаппаратын ұрлап алып, селфилеткен Наруто атты тентек маймыл болмағанда, кекілді қара макакалар әлі ешкімге белгісіз күйде жүре берер ме еді?..

Crested-Black-Macaque-65-3600x2400

Кейінірек фото көпке жайылып кетіп, желіде Macaca nigra-ның миллиондаған жанкүйері пайда болды. Бұл кезде жануарлардың сақталу дәрежесін анықтайтын «Халықаралық табиғатты қорғау одағы» жоғалу қаупі төнген 25 приматтың арасынан панк шашты, сары көзді түрлерді тізімдеп жатқан болатын.

Алайда Нарутоның әрекетіне Сулауеси аралы Битунг маңындағы Тангкоко-Батуангус-Дуасаудара табиғи қорығындағы жабық орманды мекендейтін өзге макакалар селт ете қойған жоқ.

«Міне, ол», – деді Англияның Джон Мурс атындағы Ливерпуль университетінің приматологы Антье Энгельгардт бүкірейіп қасынып отырған макаканы меңзеп.

Осы кезде Алекс атты еркегі Нарутоның арт жағынан келіп, оны бас салды.

«Көрдің бе?», – деп Энгельгардт мырс етті. Осы кезде топтың бетке ұстары немесе альфа-еркегі – Чарли Алекстің жейін деп отырған інжірін тартып алды. «Чарлимен төбелесуге батылы бармайды, – деді Энгельгардт.

– Алекс ренішін кішірек жануардан алады. Беделден айырылды деген осы».

Macaca Nigra Project жобасының аясында Энгельгардт және тәжірибеден өтуге келетін студенттер макакалардың мінез-құлқы мен биологиясын қорықта он жыл бойы зерттеді. Жергілікті халық яки деп атайтын M. Nigra – Сулауесиде дамыған макакалардың жеті түрінің бірі. Сулауеси – Индонезиядағы төрт түбегі бар таулы арал.

Жоғалу қаупі төнген макакалар cоңғы жылдары еті үшін ауланудан, үй жануары ретінде асырап алудан, ауыл тұрғындарының егістігі мен кокос плантациясы үшін ағаштарды заңсыз отап, мекенін бұрынғыдан да бетер тарылтқаннан зардап шекті. Ал табиғат қорғау шылар үкіметтің тың жерлерге жол салып, өндіріс өрбіту жоспарларымен күресуде.

2009-2010 жылдар аралығында жасалған санақ бойынша, Тангкоко деп аталатын қорықта якилердің саны 2000-дай болатын, Энгельгардт олардың саны қазір азайып кетті дейді. Солтүстік Сулауесиде қанша бары белгісіз. Сулауесиден жүздеген шақырым Бакан аралында жергілікті емес макакалар мекендейді, оларды 1800 жылдардың ортасында жергілікті сұлтанға сыйлық ретінде әкелген деседі.

Ғалымдар Тангкокода якилердің басты үш тобын зерттеуде. Олар «Рэмбо ІІ» деген топты ең ашық мінезді деп тапты, оның мүшелері бұрын да зерттелген еді, Энгельгардт он жыл бұрын келген кезде-ақ олар қолға үйреніп қалған еді, оларды туристер де жақсы көретін.

Тангкокода якилердің ең кішкентай балаларының өзі орманды еркін аралап, ойнаса да олар енелерінен ұзап кетпейді. Еті үшін анасын аулаған аңшылар баласын да сатуға алып кетуі мүмкін.

Тангкокода якилердің ең кішкентай балаларының өзі орманды еркін аралап, ойнаса да олар енелерінен ұзап кетпейді. Еті үшін анасын аулаған аңшылар баласын да сатуға алып кетуі мүмкін.

Макака жиырма айда бір төлдейтіндіктен баласын бір жыл бойы өзі бағады. Кейбірі енесінің қасында бірнеше жыл жүреді. Еркек маймылдар уақыты келгенде орнын өзге топтан іздей бастайды.

Макака жиырма айда бір төлдейтіндіктен баласын бір жыл бойы өзі бағады. Кейбірі енесінің қасында бірнеше жыл жүреді. Еркек маймылдар уақыты келгенде орнын өзге топтан іздей бастайды.

Макака еркегінің салмағы 9 келіге дейін барады. Ол тұрған мына ағаш қабығы қазір сынып кетуі мүмкін. Өндіріс пен плантациялардың кеңеюі олардың азаюына әкеп соқтыруда.

Макака еркегінің салмағы 9 келіге дейін барады. Ол тұрған мына ағаш қабығы қазір сынып кетуі мүмкін. Өндіріс пен плантациялардың кеңеюі олардың азаюына әкеп соқтыруда.

Рэмбо II-нің альфа – еркегі Рауль, маған өткір тістерін бір көрсетіп алды да, шыбықпен салып жіберіп, әрі қарай кете барды.

«Рэмбо І» де көп жылдар бұрын зерттелген-тұғын. Энгельгардт әріптестерімен бірге оларды тұмса табиғатқа шығарған. «Пантай Бату-Хитам» («Қара тас жағажайы» деген мағына береді) деген үшінші топ ең үркегі екен.

Әр топтың , шамамен 80 мүшесі бар, қатаң иерархия сақталады. Альфа-еркекті ұрғашылар тәуір көреді, бірақ оның үстемдігі осал. Тартып алу әдетте қантөгіссіз және у-шусыз іске асады, бірақ альфа-еркек биліктен бір айырылса, оған қайта ие бола алмайды. Қуылған кейбір еркектері басқа топқа барып билікке таласады. Ұрғашылары, негізінен тату, өкпе-араздың қиуын тауып, дау-дамайды бітімгершіл мінез-құлықпен реттеп отырады.

Макакалардың мекені жабылса, шу шығуы мүмкін. Артта жүргендер шаңқылдаған, шырылдаған дыбыс естісе, жүгіріп кеп алдыңғы қатардағыларға қосыла шулайды. «Олар қатты ашулануы мүмкін», – дейді Энгельгардт сондай дау-дамайды меңзей отырып. Бірақ өлім сирек кездеседі. Еркектері бәсекелестерін ұрғашыларға жолатпауға тырысады, бірақ олар жұптарына қатал, тістеп жарақаттап тастайтын кездері де болады. Ондайға қараудың өзі қиын.

Макакалар орманды мекенінде өздерін еркін сезінетін секілді. Биікке өрмелеп, алысқа секіре алады. Мультфильм кейіпкеріндей көздері бадырайған сәбилері аналарына жабысып алады немесе төменде бірге ойнайды. Бір-бірімен гуілдескен үнмен түсінісіп, інжір және басқа да жеміс-жидек, қоңыз, жапырақтарды жүре жеп келе жатады. Көңіл-күйлері бет-жүзінен көрінеді: құлақтарын жылмитып, терісі жиырылып есінеуі – ойнауға шақырғаны немесе жұптасына ықылас білдіргені. Жырқылдағаны, тарсылдатқаны, қырылдағаны, үргені – макакалардың сөйлегені, олардың бәрінің ар жағында белгілі бір мағына бар.

Тиррелл аптасына бес күн бойы, таң атқаннан күн батқанға дейін еркек макакаларды бақылап жүреді. Тиррелл олардың қашан және қалай бірлестік құратынын білуге тырысып жүр; айтуынша, «еркек макакалардың мінез-құлқы ертедегі адамзат қоғамын түсінуге мүмкіндік беруі мүмкін».

Орманға алғашқы кірген күні «Рэмбо II-нің» еңгезердей альфа-еркегі Рауль «қоғамдағы өз орныңды біл» дегендей маған найзадай үшкір азу тістерін ақсита көрсетті.

«Макакалар жұп таңдауға келгенде өте епті», – дейді Энгельгардт ісініп кеткен қызғылт құйрығын бұлғап тұрған ұрғашыларын көрсетіп. Еркегінің де сондай күйде болуы тестостерон деңгейі мен үстемдігін көрсетеді.

«Неғұрлым қызыл болса, дәрежесі соғұрлым биік болғаны», – деді ол.

Еркектері жоғары иерархияға талпынып үнемі өздерінің дәрежесін арттырып тұрады. Дәрежесі жоғары болған сайын бала туғыш ұрғашылар арқылы өзінің ДНҚ-сын тарату мүмкіндігі көбейе түседі. «Дегенмен, ең дұрысы бета (екінші дәрежелі еркек) болу-ау деймін. Ең күштісі болуға міндетті емессің, сөйте тұра, көптеген әрекетке қатыса аласың», – дейді Энгельгардт.

Зерттеушілер якилердің жеке өмірін егжей-тегжейлі анықтап жүр. «Бір таңқаларлығы, өзіндік мінезі бар, өз-өзіне сенімді және үлкен әлеуметтік ортаның бір бөлігіне айналған еркектері жоғары дәрежеге көтеріледі, нәтижесінде көп ұрпақ қалдыру мүмкіндігіне ие болады, – деді Энгельгардт.

– Сондықтан сізге әсер ететін әлеуметтік мәртебе емес, сіз өзіңіз әлеуметтік мәртебеге әсер етесіз». Бұл принцип адамдарға да қатысты шындық, олардың мінез-құлқы әлеуметтік «дәрежесі» мен жыныстық мүмкіндіктеріне ықпал етеді. Бірақ «қай мінездің пайдасы зор екендігі өте айырықша болуы мүмкін. Макакалардың еркегіне қатысты нәрсе ер адамдарға қатысты болмауы мүмкін».

март-мастер-95

Жоғалу қаупі төнген макакалар

Сулауесидегі жеті түрдің бірі кекілді қара макака – жойылып кету қаупі төнген маймыл. Оларды үй жануары ретінде асырап алады, еті үшін аулайды. Тропикалық ормандар заңсыз оталып, мекендеу аясы тарылып барады. Осының бәрі маймылдың бұл түрінің күрт азаюына себеп болып жатыр.


Якилерге бір ғана жыртқыш қауіп төндіреді, ол – торлама питон, дегенмен дұшпаны көп. Ағаш отаушылар оларды мекенінен ығыстыруда. Жол салушылар тіршілігіне шектеу қоюда, заңсыз аулаушылар өмірлеріне қауіп төндіруде. «Ана жердің бәрі бұрын ну орман болған», – дейді Энгельгардт Тангкокодағы басты жолдың баурайында жатқан жерлерді меңзеп. Алдымен рейнджерлер бақ отырғыза бастады, сосын ауыл тұрғындары да оларға еліктеді. «Енді анау жерде, – деді ол Дуасаудра тауының шыңын меңзеп, – орман бар да, қалғанының бәрі қазір кокос плантациясы. Біз ол жерді барлап келдік. Маймылдардың бірі де қалмаған».

Біз «Селаматкан яки» коммерциялық емес жобасының менеджері Гарри Хилзер және құтқару орталығының менеджері, талдырмаш денесімен бүкіл дүниенің ауыртпалығын арқалап жүргендей боп көрінетін, сөзі майда британдық Саймон Пурсермен кездесу үшін оңтүстікке, Битунге қарай, Тасикоки тұмса табиғатты құтқару орталығына келе жатырмыз.

Орталық жетім қалған және жараланған, браконьерлер мен «асырау үшін» заңсыз сатып алушылардан кәмпескеленген жануар ларды паналатады. Айтуы бойынша, Пурсер «заң органдарын өз міндетін орындатуға тырысып» көптеген рейдтер мен құтқару операцияларына қатысады екен. Бірақ ол әрекеттер даулы болуы да мүмкін: кейде жануарлар орталыққа жіберілмей жатып өлтіріледі.

Тасикокидегі үлкен ормандағы кең қорада иерархия орнатсын деп 70 кекілді қара макака ұстап отыр. «Ол жерде қанды қырғ ын болуы мүмкін, бірақ ол табиғи нәрсе», – дейді Пулсер. Мақсат – жануарларды табиғи ортасына жіберу, бірақ олар маймылды «Сау бол, сәттілік тілеймін» деп жалғыздан-жалғыз кез келген жерге тастап кете алмайды. Оларды жергілікті еркек маймылдар өлтіреді немесе олар не істерін білмей орманнан шығып кетеді деген қауіп бар. Топ осындайды болдырмауды мақсат тұтады. Кей фермерлер макакаларға егістікке түспесін деп қақпан қояды. Макакалар, сондай – аққабандарға, құстарға, егеу құйрықтарға қойылған қақпандарға түсіп қап жатады, бұл дегеніңіз, қақпан қоюшы одан тез табыс табады деген сөз. «Менің қызметкерлерім қорықтың шекарасы аясындағы кішкентай жерден жүзге дейін қақпан қойылғ анын санап шықты», – дейді Энгельгардт.

Табиғи ортасынан ұрлап әкелінген Нониды («бикеш» деген сөз) Кумерсоттағы отбасы шынжырлап тастаған. Якиді үй жануары ретінде ұстау заңсыз, оны жануарларды қорғау ұйымы білсе, іс насырға шабады.

Табиғи ортасынан ұрлап әкелінген Нониды («бикеш» деген сөз) Кумерсоттағы отбасы шынжырлап тастаған. Якиді үй жануары ретінде ұстау заңсыз, оны жануарларды қорғау ұйымы білсе, іс насырға шабады.

Томпасобару базарындағы маймыл баласының боршаланған еті біреулерге жантүршігерлік көрініс болса, енді біреулер үшін – сүйік ті тағам. Маймыл етін жиі жейтін Сулауесидегі христиан ауылдарда якилерді қорғау дәрежесімен ешкім санаспайды.

Томпасобару базарындағы маймыл баласының боршаланған еті біреулерге жантүршігерлік көрініс болса, енді біреулер үшін – сүйік ті тағам. Маймыл етін жиі жейтін Сулауесидегі христиан ауылдарда якилерді қорғау дәрежесімен ешкім санаспайды.

Раранта мені қойма бөлмеге ертіп апарды да, үлкен тоңазытқыштан кекілді қара макаканы шығарып, маған көрсету үшін үстелге қойды.

Ұстап алынған немесе жетім қалған макакалардың арқасында жергілікті асыранды жануарлар саудасы жақсы жүріп тұр.

Бірақ одан да қауіптісі – Сулауеси халқы макака етін ғасырлар бойы жеп келеді. Қазір ондай еттің бір келісі төрт доллардай тұрады (ересек макаканың салмағы 8-10 кг), мереке кездерінде баға шарықтап кетеді. Тангкокодан 6 сағаттық жолдағы Томпасобару қаласы тұрғын үйлердің аулаларында брезенттің үстінде күнге кептіріліп жататын хош иісті қалампырымен әйгілі. Бірақ қаланың ашық базарының ауасы ет сататындардың асай-мүсейлерінің темір иісінен тарылып кеткен. Кептірілген балықтар мен тауық аяқтарының қасында егеуқұйрықтар мен жарқанаттар (былғарының жыртындысындай қанаттары да сатылымда), бет-тұмсығына тиіспей боршаланған доңыздар мен маймылдар да жатыр.

37 жастағы Нофи Раранта – қаланың басты қалампыр дилері және әйгілі аңшысы. Оның жалдамалы жүзге жуық адамы олжа іздеп, маңайдағы ормандарды шарлап шығады. Ол мені өзінің базарға жақын жерден жаңадан соғылған үйінің кіреберісінен күтіп алып, қойма бөлмеге алып барды. Үлкен тоңазытқыштан кекілді қара макаканың кеудеден басына дейінгі бөлігін шығарып, маған көрсету үшін үстелге қойды. Айтуы бойынша, оның отбасы аптасына 15 шақты макака сатады екен, оның төрттен бірі яки көрінеді.

«Сіз табиғаттан кекілді қара макаканың бәрін аулап алсаңыз, не болады?»,– деп сұрадым. Раранта қазір аңшылардың маймылдарды табу үшін алысырақ баруға мәжбүр екенін айтып, былай деді: «Мен бизнесменмін. Қалампыр да сатам. Бұл маңайда доңыздар, егеуқұйрықтар, жарқанаттар көп. Бір жануар жоғалса, басқасын іздейміз». Алайда Индонезия заңы жоғалу қаупі төнген маймылдарды қорғайды. Ол ұсталып қалам деп қорықпай ма? «Сәл қорқамын. Полицейлерден», – Раранта жымиды. «Олар келеді де, бізбен бірге отырып тамақ жейді! Индонезияның заң жүйесі үлкен. Бірақ орындалмайтын заңнан не пайда!?», – дейді Хилсер. «Заң орындалған күннің өзінде, заңсыз аң аулағаны үшін түрмеге отырғызылған адам сирек. Нофиге тек айыппұл төлетуі мүмкін. Сондықтан оларды тоқтатуға деген ынта аз. Заңның қанағаттанарлық дәрежеде орындалмауы бұл түрге тікелей шабуыл жасаумен бірдей», – деді Пурсер де әріптесін мақұлдап.

Қорғаушылар балаларға маймыл толы орманның құндылығы туралы айту келешекте өз пайдасын тигізеді және якилердің азаюын тоқтатады деп сенеді. «Түптің­түбінде, – дейді макакаларды көп жылдар бойы зерттеп жүрген Антье Энгельгардт, – біз маймылдарға тынышық беруіміз керек».

Қорғаушылар балаларға маймыл толы орманның құндылығы туралы айту келешекте өз пайдасын тигізеді және якилердің азаюын тоқтатады деп сенеді. «Түптің­түбінде, – дейді макакаларды көп жылдар бойы зерттеп жүрген Антье Энгельгардт, – біз маймылдарға тынышық беруіміз керек».

Осындай қауіптерге қарсы тұру үшін Селаматкан яки мен Tasikoki және Тhe Macaca Nigra Project білім беру жобасы бірлесе отырып, жұрттың ойы мен сана-сезімін өзгертуге тырысады. M. nigra деген түрге аяушылық сезімін ояту қиын, өйткені олар тірі кезінде бау-бақшаға зиян келтіреді; өлі болса, адамға азық болады немесе ақшаға сатылады. Бізге бірінші кезекте полицияның басқаға көңіл бөлмей, бізбен бірлесіп жұмыс жасағаны керек.

Саясаткерлерден қолдау табу жағына келетін болсақ, мүдделердің бәсекелестігінен макакалар ұтылып жатыр. «Бұл – компромисс», – деді жерді пайдалану шешімдері туралы Табиғи ресурстарды қорғау Департаментінің қызметкері Акшари Масикки.

«Біз бәрін тек экологиялық тұрғыдан шеше алмаймыз. Экономикалық және мәдени салдарларды да ұмытпау керек. Екінші жағынан, жеміс жегіш және ұрық тастағыш маймылдарды «ағаш еккіштер» десе де болады», – дейді Хилсер.

Біз ондай нәрселерді экожүйе қызметімен байланыстырып, толығырақ көрсететін болсақ, жұрт түсіне бастайды. Балаларға макакалар туралы айтсақ, ата-аналар оларды қорғауға кіріседі.

Ең бастысы, жергілікті қауым белсенді болуы керек. Сонда ғана қорғау ісі нәтиже береді.

Мәселені шешудің тағы бір жолы – экотуризм. Бұл маймылдар қастерлі. Олардың тұрпаты ерекше: шашы панктердікіндей ербиген, құйрықтары жүрек пішінді, қылықтары қызық. Яки – Сулауесидің маңызды рәмізі, өзіндік белгісі. Мен мотоциклде селкілдеп, Тангкоконы қимай-қимай кетіп бара жатқанымда альфа-еркек Рауль ағаштар арасынан шығып кеп аяғымды теуіп кетті. Біраз алыстағаннан кейін артыма қарасам, ол менің кетіп бара жатқанымды бақылап, тұр екен. Меніңше, ол бұл күндері якилердің мекеніне баса-көктеп кірген менің ештеңе алмай кетіп бара жатқаныма қуанып тұрған сияқты болды.


Дженнифер С. ХолландNational Geographicтің бұрынғы штаттағы тілшісі. Оның соңғы кітабы: Unlikely Friendships: Dogs. Зоолог Стеффано Унтертхинер Лондондағы Жаратылыстану тарихы музейі өткізетін «Тұмса табиғат фотографы» байқауының 2016 жылғы жеңімпазы.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля