Кэтрин Цукерман
Орталық Африка Республикасында көбелек өте көп. Оның анықталған 600-ге жуық түрі кездеседі, ал кейбірінің үлкендігі – табақшадай. Дүр етіп ұшқан жәндіктер бұлты көбінде кенеттен пайда болады. Бұл – соңғы төрт жылдағы қанқұйлы азамат соғысынан зардап шеккен ландшафтқа айтарлықтай кереғар көрініс.
Фермер Филипп Анде бұл жәндіктен өзіне жұбаныш табады. Ол 40 жылдан бері көбелек қанатын жинап, мұны өнер туындысына айналдырып келеді. Кішкене қысқыш, ұстара және азын-аулақ резеңке желімнен басқа ештеңе пайдаланбай-ақ, Орталық Африка өмірін бейнелеу үшін қанаттарды мұқият құрастырады: кокос жинаған бала, ұн жасау үшін маниок тамырын түйіп жатқан әйел, көп түсті жалау (жоғарыда). Журналдың келесі нөмірлеріне ОАР туралы мақала әзірлеп жатқан «National Geographic-тің» аға редакторы Питер Гуиннің айтуынша, әр сурет жанды витраж секілді.
Анденің табыс табу үшін колөнері бұйымдарын туристерге сатуға мүмкіндігі бар-тұғын. Алайда бұл аймақтан маза қашқандықтан қазіргі таңда тұтынушы азайып кеткен.
Бірақ Анде қолөнерін тоқтатқан жоқ. Оның айтуынша, бұл – сауықтырудың түрі һәм елінің шынайы әдемілігін сақтап қалудың және бұрынғы бейбіт өмірге үндеудің жолы.
Мына Графиум полисенес – Африкадағы 40-қа жуық қылыш құйрықты көбелектің бірі.
Соғыстан кейінгі ОАР-дың қазіргі өмірімен танысу үшін «National Geographic-тің» алдағы сандарындағы Питер Гуиннің мақаласын оқыңыз.
ФОТО: РЕБЕККА ХЕЙЛ, NGM ҚЫЗМЕТКЕРІ