..."/>
ЗЕРТТЕУ

Ұрғашысынан қорқатындар

Сырғалы Якана

Сырғалы Якана

Патрисия Эдмондс

Ұрғашысы «қыдырып» жүргенде баласын қарап, үйде отыратын еркек бола ма? Сырғалы якана аталығы үшін ғана «жарының жеңілтектігі» мен балапандардың өзгеден болуы қалыпты нәрсе.

Корнелл университетінің мінез-құлық зерттеуші экологы Питер Рэйдждің айтуынша, якананың кейбір түрлері жануарлар әлеміндегі жыныс­тық рөл ауысуының ең экстремалды үлгісі бола алады. Адуынды ұрғашы маңына өзінен кішірек еркек якананың шамамен бесеуін жинайды. Ол бір аптаның ішінде бір еркек якананың ұясына төрт жұмыртқа салады. «Осылайша, барлығымен ашық қатынасқа түсуді жалғастыра келе, бір жұмыртқалағанда 65 ретке дейін шағылысады», – дейді Рейдж.

Панамада жылдар бойы жүргізілген зерттеу барысында, Рейдж бен оның әріптесі Стефен Эмлен сырғалы якана ұрғашысының бұл әрекеті ашық әрі өте жиі қайталанып тұратынын анықтаған. Мұның аталық якананың ұрпақ жалғастыруына қалай әсер ететінін анықтау үшін қос ғалым құстар қатынасын, жұмыртқалау кезін зерттеп, қан құрамын алып, ДНҚ тестін жасады. Якана аталығы үш ай бойы бөтен жұмыртқаларды бауырына баса беретіні белгілі болды.

«Негізінде, олардың басқа амалдары жоқ, – дейді Рейдж. – Олар үшін талғампаз ұрғашыны іздеп жүргенге қарағанда жұмыртқа басып отыра берген тиімдірек. Бауырына басқаның балапанын басқанымен, олар өз ұрпағын жалғастыруға мүмкіндік алады».

Мекендейтін ортасы

Орталық және оңтүстік Американың көптеген тұщы сулы ауданы.

Қорғау статусы

Аса қауіпті емес

Керек дерек

Өзге атауы – лилли троттер, оның ұзын аяқтары қалқымалы өсімдіктердің үстінде жүруге арналған.

Джоэл Сартор мына аталық якатаны Dallas World аквариумда суретке түсіріп алды.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля