..."/>
ЗЕРТТЕУ

Шерушілер шебі

Стәндиң-Рок лагерьлерінің бірі – Оусти Саковиндегі жолбелгі әлемнің түкпір-түкпіріне дейінгі қашықтықты көрсету үшін қойылған. «Біз болашақтың іргетасын қалаудамыз», – дейді солтүстік чейен және оглала лакота тайпаларының өкілі Кристал Ту Булз.

Әділетсіз мұнай өндірісіне қарсы күрес жер-жерде жаңа сипат ала бастады.

MM8550_161215_0014-copy

Авторы: Саул Элбейн Фото: Эрика Ларсен

Былтыр тамызда Dakota Access құбыр желісі (DAPL) құрылысына қарсы ереуіл қызған кезде төменгі Брул Сиукс тайпасының өкілі Левис Грасроуп «Стәндиң-Рок» қозғалысына қосылып, Солтүстік Дакота даласындағы Кэннон Бол аймағына шатыр тікті.

Жаз бойы Кэннон Бол аймағын айнала орналасқан лагерьлерде ұлттық киім кигендер шеруі болып, ауқымы бойынша қозғалыстан да зор әрекетке айналған құбыр құрылысына қарсы ереуілге өз қолдауларын білдіріп жатты. Осылайша, ол жергілікті халықтың құқығы мен туған жерін қорғау жолындағы халықаралық деңгейдегі наразылық шарасына айналды.

Маусым айында АҚШ құрлықтағы әскерінің инженерлік корпусы Dakota Access жобасының Оахе көлінде бұрғылау жұмыстарын жүргізуге тыйым салды.

20 қаңтар. Ұлықтау рәсімі күндерінде Президент Дональд Трамп Dakota Access құбыр желісі, сондай-ақ мұнайды Канададан Мексика шығанағына тасымалдау жүйесінің бір бөлігі болып табылатын Keystone XL құбыр желісінің құрылысын жеделдету жөнінде жарлық шығарды. Ақпан айының басында Инженерлер корпусы Оахе көліне құятын Миссури өзені астынан құбыр желісін жүргізу сервитутына қол қойды.

Құны 3,8 млрд. АҚШ доллары болатын Dakota Access құбыр желісі құрылысы АҚШ-тың мұнай тасымалдау желісіне 2000 шақырымға жуық құбыр қосатын әлеуетке ие. Жоба жүзеге асқан жағдайда, ол АҚШ өндіретін Баккен мұнайының жартысына жуығын нарыққа шығарар еді.

NGM КАРТАЛАРЫ, ДЕРЕККӨЗ: USGS; СОЛТҮСТІК ДАКОТА ҚҰБЫР ЖЕЛІСІ БАСШЫЛЫҒЫ; ENERGY TRANSFER PARTNERS

Бірақ басқа шерушілердей Грасроуп та туған өлкесі мен ел бірлігі үшін күресін тоқтатпауға ниетті.

Белсенді топ қоғам назарын аударып, бұл мәселені сотқа дейін жеткізгісі келеді. Грасроуптың байқауынша, Стәндиң-Рок үндістер резервациясындағы былтырғы ереуіл жұртшылықты жігерлендіріп жіберген. Осылайша, Американың қазба байлығы экспансиясына қарсы шыққандар жыл санап артып келеді.

«Стәндиң-Рок наразылығы әлемге жайылып, жұдырықтай жұмылған шерушілерді бәрі көрді, – дейді Грасроуп. – Енді лагерьде болғандар өз өлкелеріне осы жерден ой түйіп қайтуы керек. Осындағы 500 ұлт өкілінің әрқайсысы бұл күресті өз халқына жеткізуі қажет».

Стәндиң-Рок педиатры Сара Джампинг Игл қызы Азилия Айрон Айз (сол жақта) және ұлы Заниян Айрон Айзбен бірге тұр. «Біз мұнай құбыры төгінділері мен радиоактивті гидрожарылыстар үшін балаларымыздың денсаулығын қатерге тігіп отырмыз», – дейді Сара.

Лагерде салынған мына суреттегі қара жылан – мұнай құбырының символы. «Жергілікті халық барлық жерде осындай күрес жүргізуде», – дейді норвегия­лық саами тайпасының өкілі Эйрик Ларсен. Бисмарктағы наразылық шарасы кезінде Ту Булз білегін көтеріп тұр.

«Біз мұнда ұлыстардың бастарын біріктіріп отырмыз», – дейді пурепеча тайпасының өкілі чикаголық Сюзанна Сандовал. Унанга тайпасының өкілі, Аляскадан келген кіші Джордж Плетникофф: «Мен «Стәндиң-Рок» қозғалысы тәріздес наразылықтың болғанын қалаймын», – дейді.

Авторизация
*
*

Регистрация
*
*
*
Генерация пароля