..."/>
ЗЕРТТЕУ

Қолқанат

Джейн Гудолл атындағы институттың қызметкерлері Конгоның «Чимпоунга» Ұлттық қорығындағы орман картасын жасау үшін дронның көмегіне жүгінді.

Джейн Гудолл атындағы институттың қызметкерлері Конгоның «Чимпоунга» Ұлттық қорығындағы орман картасын жасау үшін дронның көмегіне жүгінді.

Нина Строчлик

Дрондар соғыс құралы ретінде жасалған: әскерилер оны тыңшылықта, кейде тіпті жаудың көзін жоюға да қолданған. Алайда әскери технология түрінің көбеюімен ұшқышсыз ұшу аппараттары тұтыну құралына айналып барады. Қазіргі таңда PwC консалтинг фирмасының есептеуінше, ғаламдық дрондар индустриясының құны 127,3 миллиард АҚШ долларына тең. Өткен желтоқсан айында «Амазон» компаниясы алғашқы болып дрон арқылы тауар жеткізді. Ол Ұлыбританиядағы бір тұтынушыға апарылған теледидар құрылғысы мен бір қалта попкорн болатын.

Қашықтан басқарылатын ұшақты қолдануға құлшыныс танытып отыр­ғандар арасында сервистік ұйымдар да бар. Олар әлемдегі машақатты аймақтарға гуманитарлық көмек жеткізуді көздейді және қауіпке толы табиғатты қорғау шараларын жүзеге асырады. Дрондардың көмегімен Моңғолияның кең даласындағы күшіген құстары бақыланады, Руандаға дәрі-дәрмектер жеткізіледі және Бразилияда жоғалған өркениеттер зерттеледі.

«Амазонның» тауар жеткізуінен бір аптадан соң, UNICEF пен Малави үкіметі Африкадағы гуманитарлық көмек дрондарының ұшу жоспарын жариялады. Енді дрон арқылы шалғай аудандарға ұялы байланыс желілері орнатылып, апаттан қашқан адамдарға дер кезінде қол созылмақ. «Сан Францискодағы бір қоймада дрондар сынақтан өтіп жатыр, – дейді UNICEF қызметкері Эндрю Браун. – Мұндағы жетістіктер кейін бүкіл әлемде қолданылатын болады».

UNICEF дрондарды су тасқыны мен қан талдауын шалғай аудандардағы медициналық орталықтардан зертханаларға жеткізуде сынап көрген.

Дрондар броконьерлерге қарсы күшейіп келе жатқан күресте де таптырмас құралға айналып отыр. «Біз джиптен көре алмайтын жерлерді шолу үшін дрондарды пайдаланғымыз келеді, – дейді Табиғат қорғау халықаралық қорының қылмыстық технология жобасын басқарушы Колби Лоукс. – Дрондар табиғат жанашырларына броконьерлердің қаруларының бар-жоғы мен жасырынған жері жөнінде хабар беріп, табиғат қорғаушыларының жанын аман сақтап қала алады».

Ұлыбританияның Джон Мурс атындағы Ливерпуль университетінің ғалымдары дрондарды табиғат қорғау жобаларына белсенді қолдануды жоспарлауда. 2015 жылы биология профессоры Сердж Уик астрофизик әріптесімен ғарыштағы жылы денелерді есептеуге арналған алгоритмді дрон кадрларында пайдаланып көрмек болады. Осылайша, олар бұл бағдарламаны кеңірек қолдану идеясына тіреледі.

Ұзақ мерзімді жоба ауқымы жануарлар популяциясын зерттеумен басталып, дрон кадрларын жүктеп, оны анықтау бағдарламасына салуға дейін кеңейді. Уиктің болжауынша, дрондар – ұшақ пен тікұшаққа қарағанда арзан әрі қауіпсіздеу болғандықтан, қоршаған ортаны қорғауда таптырмас дүние. «Олардың бейімделгіш әрі кең ауқымды кескіндері мәлімет жинауда үлкен артықшылық болып табылады, – дейді ол. – Меніңше, келешекте дрондар төбемізде «топ-тобымен» ұшып жүретін болады».

Суретті түсірген: Джеффри Керби

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля