Дэниел Стоун
Бағзы заманнан келе жатқан «Аш адамға балық берме, қармақ бер» қағидасының су жануарларын қорғауға тікелей қатысы бар сияқты. Табиғат жанашырлары дамушы елдерге жағалаудың ластануы және балық шаруашылығының мәселелерін шешіп бергеннен гөрі, өз бетімен шешу жолдарын үйреткен абзалырақ деп есептейді.
Биолог Керстин Форсберг көптен бері жағажай мен мұхитты қорғау, әсіресе перулік алып теңіз аждаһасын (манта – Manta birostris) сақтап қалуға қатысты осы қағиданы ұстанады. «Манталар өте сирек түрлерге жатады. Олар мұхит жағдайынан хабар берушілер», – дейді ол. Кейде байқаусызда балықшылардың ауына түсіп қалатыны болмаса, манталар Халықаралық табиғат қорғау ұйымының жойылып бара жатқан жануарлар тізімінде бар.
Форсберг – «Ролекс» кәсіпкерлік сыйлығының лауреаты және мұхит тіршілігін қорғауға бағытталған коммерциялық емес «Ғалам-мұхит» жобасының негізін қалаушы әрі директоры. Оның зерттеу тобы алып манталардың жойылып кету қаупінің алдын алумен қатар, суасты әлемін зерттейді, мектеп мұғалімдерінің бір-бірінен мәлімет алуларына мүмкіндік береді. Сондай-ақ сабақ жоспарымен алмасу үшін желілік байланыс қалыптастырып, экотуризм саласын дамытқысы келетін балықшылар мен кәсіпкерлерге қаржылай жәрдем көрсетеді.
«National Geographic» бұл мақаланы «Rolex» кәсіпкерлік сыйлығымен серіктестіктігі аясында жариялады.
Табиғатты қорғау биологы К. Форсберг манталарды қорғау үшін жергілікті қоғам санасын өзгерту керек деп есептейді.