Катерина Цукерман
Шығыс Непалдың ну орманды жартастарынан ұзындығы екі метрге жуық ара ұясын көресіз. Сол ұялардан үлкен Гималай аралары ұшып шығады.
Бұл жерде бал жинау әсте мүмкін емес. Асқан тәуекелге баратын омарташылар 90 метр биіктікке бамбук сабақтарынан өрілген сатымен көтеріледі. Тепе-теңдік ұстау былай тұрсын, құжынаған ара ұясын «шұқылап», мыңдаған жәндіктің қаһарына ұшырайсыз. Дегенмен Малли Дан үшін «жабайы балдан» түсетін азын-аулақ пайда араға жүз мәрте таланып, құлап мерттігуден де артық.
Бәлкім, Данның аман-сау жүруінің бір себебі бар болар? Ол шыққан кулунг тайпасының наным-сенімінде аян түскен адам ғана бал жинайды. Ал Данға бар-жоғы 15 жасында аян түскен. Қырық жылдан астам жанын шүберекке түйіп жүрген оның ендігі арманы – аманында зейнетке шығу. Енді кімге аян түсіп, ол балшы болар екен?
Гималайдағы бал жинау кәсібі жайлы көбірек білгіңіз келсе, «National Geographic» журналының алдағы сандарында шығатын Марк Синнот мақаласын оқыңыз.
Фото: Ренан Озтурк