..."/>
ЗЕРТТЕУ

Зерттеуге лайық зебра-балық

Патрисиа Эдмондс

Биомедициналық зерттеуде ұзындығы шамамен 3,5 см болатын зебра-балықтың (Danio rerio) ролі өте үлкен.

Зебра-балық өзінің омыртқалы әріптесі – адам үшін керемет зерттеу нысаны, себебі екеуінде ортақ нәрсе өте көп: ми, жүрек, бауыр және бүйрек. Геномдық бірізділікті анықтау зерттеулері көрсеткендей, адам ауруына себеп болатын гендердің 84 пайызы зебра-балықтан да табылған.

Квинсленд университетінің жасуша биологі Дэн Хоган зебра-балықты 2001 жылдан бастап зерттеп келе жатыр. Балықтың бір артықшылығы – олардың эмбрионы мөлдір және анасының денесінен тыс жағдайда жетіледі. Адам сырқатын модельдеу үшін ғалымдар гендермен манипуляция жасай отырып, аурудың өзгеруін тікелей бақылай алады. Ал мұны кәдуілгі зертхана жәндігі саналатын тышқандарға қолдану мүмкін емес.

Жетілген зебра-балықтар денесінде жолақтар пайда болады. Алайда кішілері айтарлықтай мөлдір, сондықтан ғалымдар олардың қан тамырлары мен басқа да мүшелеріне флуоресцензия (оң жақта) қолдана отырып зерттейді. Хоган олардың миынан қоқыстарды шығарып отыратын «тазалаушы» жасушалардың барын анықтаған. Оның айтуынша, егер мұндай жасушалар адамдарда да болып және басқарылатын болса, олар дементиа және талмаға қарсы пайдалы болмақ.

Жабайы табиғатта балықтардың кү­йекке түсуіне күн сәулесі себеп болса, ал Хоганның зертханасында кәдімгі жарық пайдаланылады. Аталықтың күйек биіне еліткен аналық 300-ден аса жұмыртқа шашады. Сол кезде еркек балық оларды іле-шала ұрықтандырады.

Зебра-балық зерттеуі арқылы қатерлі ісік, диабет, бұлшық ет аурулары сияқты басқа да дерттерге дауа табыла бастады. Ұлттық денсаулық институтының зерттеушісі Элизабет Берк бұл балықтың медицинаға қосар үлесі зор деп сенеді.


ЗЕБРА-БАЛЫҚ

МЕКЕНІ/ТАРАЛУЫ: Оңтүстік Азиядағы таза өзендер мен ағыстар

ЖОЙЫЛУЫ: Қауіп аз

БАСҚА ДЕРЕКТЕР

Зебра-балық эмбриондары судағы дәрілерді сорып алады. Бұл сынақтың сәтті болғаны соншалық, қатерлі ісікке қарсы дәрілер бүгінде клиникалық емдеу қатарына енген.

ФОТО: ҮЛКЕЙТІЛГЕН МИКРОСКОП СУРЕТІ, НЭЙЛ БОУЕР, МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОҒЫЛЫМ ИНСТИТУТЫ, КВИНСЛЕНД УНИВЕРСИТЕТІ, АУСТРАЛИЯ

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля