..."/>
ЗЕРТТЕУ

Алыпқа көз салыңыз

«Сіздің алдыңызда мегафауна. Осынау керемет жануар туралы бізде мәлімет жоқтың қасы», – дейді алып теңіз перісі немесе манта (Manta birostris) жайлы теңіз биологі Джозуа Стюарт.

Ұзындығы – 7 метр, ал салмағы 1800 килограмм болатын алып теңіз мақұлығы бар суға секіруге қалай қарайсыз? Мұхиттағы ірі теңіз перілерін зерттеу­мен айналысатын биолог Джозуа Стюарт үшін бұл күнделікті жұмыс.

«Олар рифте саяхаттап жүрген елеусіз ұшатын алып В-52 бомбалау­шы ұшағы секілді. Манталар – менің тәжірибемдегі жануарлардың арасындағы ең зерек, сезімтал әрі қызық тіршілік иелерінің бірі», – дейді Стюарт. Ол өз тобымен Мехико жағалауынан 480 шақырым қашықтықтағы Ревиллагигедо аралдарына барды. Мақсаты – мұхиттағы алып жануарларға локациялық аспап мен Криттер камерасын пайдаланып көру.

Зиянсыз бекіткіш арқылы Криттер камералары мантаның денесіне алты сағатқа жапсырылады. Оның көмегімен айбынды тіршілік иелерінің құпия өмірінен мәлімет алынады. Оның қайда баратынын, не істейтінін білу арқылы ғалымдар оларды балықшылардан қорғауға көмектеседі. Алып су жануарлары кездейсоқ тұзаққа түсіп қалуы мүмкін. Бұған қоса, теңіз перілерінің желбезек тілімдерінен жалған медикамент жасалады. Сұранысы өсіп келе жатқан Азия нарықтары үшін арнайы аулайтындар да бар. Дегенмен алып балықтардың тірідей дайвинг пен суасты саяхатшыларынан түсіретін пайдасы анағұрлым мол.

«Біз теңіз перілері өз тамағын аулау үшін, көлденеңінен емес, тігінен қозғалатын болар деп болжап отырмыз», – дейді биолог. Манталардың бір орыннан қозғалмауы олардың қауіпсіздігі үшін де аса маңызды. Оларды сақтау шараларын жергілікті деңгейде ұйымдастыру анағұрлым тиімді, өйткені халықаралық деңгейдегі шаралар көптеген елдің қызметін үйлестіруді талап етеді.

Алып жануардың денесіне уақытша камера орнату арқылы ол осынау тіршілік иелерінің құпия әлемі туралы тың ақпарат жинайды.

Авторы: Нора Раппапорт

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля