..."/>
ЗЕРТТЕУ

Өз гүліңді иіске!

1991 жылы АҚШ гүл сату кәсібін салықтан босату арқылы Анд елдеріндегі заңсыз есірткі өндірісінің тамырына балта шабуға тырыспақ болды. Нәтижесінде, раушан гүлдер, қалампыр, бақыт гүлі мен орхидеялар солтүстікке қарай ағылып, АҚШ-тың гүл бизнесі қарыштап алға басты.

Бірақ салық мерзімі аяқталған соң, АҚШ-та гүл бизнесі артқа кете бастады. Жазушы Дебра Принзинг негізін қалаған Slow Flowers (баяу гүлдер) және Certified American Grown (Америкада өсіріліп, сертификатталған) тәріздес ұйымдар отандық гүлді сатып алуға үндеп, нәтижесінде, жергілікті фермерлер мол мүмкіндікке ие болды.

«Тұтынушылар сатып алған гүлінің қайдан екенін сұрасын, – дейді бағбан Андреа Гагнон. Ол Виргиниядағы Гейнсвилль қаласының тумасы. – Бұл – «сэндвичіңіздегі қызанақ жергілікті ме» деп сұрағаныңыз секілді нәрсе».

Жергілікті өнім

АҚШ-тағы гүлдердің 71%-ы Колумбиядан келеді және ол басты «шетелдік әріптес» болып табылады.

Авторы: Линдси М.Робертс

ФОТО: РЕБЕККА ХЕЙЛ, NGM ҚЫЗМЕТКЕРІ

СУРЕТ: NGM ҚЫЗМЕТКЕРІ. ДЕРЕККӨЗ: АҚШ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ БЮРОСЫ

Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн не 74886 индексі бойынша Қазпошта және т.б. арқылы жазыла аласыз.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля