..."/>
ЗЕРТТЕУ

«Қуығы осал» Париж

Дәрет сындыруға арналған қоғамдық қорапшалар Парижді ғасырларға созылған «сырқаттан» құтқаруы мүмкін.

Тіл үйірер тағамдары, келісті сән-салтанатымен қатар Париждің аса бір жағымсыз жағы барын білесіз бе? «Махаббат қаласы» атанған шаһар сасық иістермен (les pipis sauvages), яғни жабайы түрде дәрет сындыру проблемасымен Наполеон заманынан бері күресіп келеді. Қанша жерден тыйым салынса да көшеге, гүл тоғандары мен шам бағандарына сарылдатқан зәр ағыны толастамай келеді.

Енді не істеу керек? Бәлкім, бұл істен пайда да табуға болатын шығар? Жыл басында қала билігі «Фалтази» француздық жобалау агенттігімен бірлесіп жаңа идея ойлап тапты: кіші дәретке тым жиі «шомылатын» жерлерге қоғамдық қорапшалар, яки зәр қабылдағыштар орнату. «Уритроттоир» сасық иісті сіңіретін сабанмен немесе жоңқамен толтырылады. Құрылғы толғанда техникалық жұмысшыларға белгі береді. Сөйтіп, ол керекті жерге жеткізіліп, тыңайт­қышқа айналдырылады да ауыл шаруашылығына жіберіледі. «Бірақ тек гүл үшін ғана, – дейді жобаның телавторы Лорент Лебот, – жеміс-жидек не өсімдік үшін пайдаланылмайды».

«Фалтази» агенттігі Париждегі Gare de Lyon вокзалы мен Франция­ның басқа екі қаласында осы жобаны сынақтан өткізуде. Олар осылайша бірнеше мәселенің шешімін табудан үмітті. Бұл ер адамдар үшін тиімдірек, ал әйелдер қайтпек?

Құрылғының бағасы шамамен 5000 доллардан басталады. Оған күтім көрсету шығындарын қосыңыз. Әйтеуір, Париж көшелері зәр сасымай, жұпар аңқып тұрса болды… Кім білсін…

Авторы: Даниель Стоун, фото: Фалтази

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля