Ақ дегелек – әркімге бала күннен әдеби шығармалардан немесе суреттерден етене таныс. Биіктігі бір метрден асатын, қанаттарының ұшы қара, тұмсығы мен аяғы қызыл түсті болып келеді. Қанатының ұзындығы 58-61 см, салмағы 3,5-4 кг дейін жетеді. Мекиенінің дене тұрқы қоразынан гөрі кішілеу әрі тұмсығы жіңішкелеу болып келеді. Ақ дегелек – жұбын жазбай, бір орынға бірнеше жыл қатарынан келіп, ұясын елдімекендерге жақын жерлерде салады. Жыныстық жағынан 2-3 жылда өсіп жетіледі. Жылына бір мәрте 2-5 аралығында жұмыртқа салады.
Күй-ойнақ кезеңінде аталығы басын арқасына қойып алып, барабан даңғылындай дыбыс шығарады және ол дыбыс кәдімгідей қашықтан естіледі.
Балапандарын ұядан 70-72 күнде ұшырады. Ақ дегелек ұсақ жәндіктермен, балық, жылан, құрбақа және кеміргіштермен қоректенеді. Тамыз-қыркүйек айларында жылы жаққа ұшып кетсе (Африка мен Азияның оңтүстігі), наурызда Қазақстан территориясына қайта ұшып келеді.
Ақ дегелекті біздің елімізде Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары аумағынан кездестіруге болады.
Кейбір зерттеушілер оны «ләйлек» деп те атайды. Ақ дегелек құсына байланысты ел ішінде мақал-мәтелдер, әндер мен аңыз-әңгімелер көптеп кездеседі. Мысалы, «Жылқының жауы – бөгелек, жыланның жауы – дегелек», «Дегелек келді жаз болды, бала-шаға мәз болды» деген. Бүгінде Ақ дегелек санының азаюына байланысты қорғауға алынып отыр.
Фото: Михаил Шпигельман
Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationa