Көрісу – еліміздің Батыс өңірінде сақталған ежелгі дәстүрлерінің бірі. 14 наурызға сәйкес келетін мерекені Көрісу күні, Амал мерекесі деп те атайды.
Бұл күнді батыстықтар таң атысымен үй-үйді аралап, бір-бірін амал мерекесімен құттықтаудан бастайды. Жасы үлкендер кішілерді күтіп, келгендерге «Бір жасыңмен! Жас қайырлы болсын, өмір жасың ұзақ болсын!» деп бата береді. Осы күні әр үйде дастархан жайылып, есендік сұрасады, көңілде бұрынғы өкпе-реніші болса кешіріседі.
Сайып келгенде, бұл мереке қазақ халқының өскелең ұрпақты ізеттілік пен мейірімділікке, ауызбіршілік пен кішіпейілділікке, татулық пен бауырмалдыққа бастайтын ерекше үрдістерінің бірі десек те болатындай.
Көрісу мерекесі Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облысында, Ресейдің Астрахан, Саратов, Орынбор өңірлерінде, Қарақалпақстанда кеңінен аталып өтіледі. Айта кетер жайт, соңғы жылдары бұл мереке еліміздің өзге аймақтарында да тойлана бастаған.
Фото: Серік Маемеров, Сәрсенбек Қызайбекұлы, Анатолий Устиненко
Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationa