..."/>
ЗЕРТТЕУ

Тарих толқынында

2017 жыл. Назарыңызда: бір кездері әр америкалықтың үйіне президент Франклин Рузвельттің дауысын жеткізген қарапайым радио. Рузвельттің сүйікті иті – Фала шырша ағашы жанында сыйлықтармен бірге жатыр. Әшекейдің үстіңгі жағындағы төрт жұлдыз Рузвельттің тарихи түрде төрт рет президент болып сайлануын білдіреді.

1929 жылы балалар Рождество кешін тойлап жатқанда Ақ үйден өрт шықты. Жалын ғимараттың батыс жақ қапталына жеткенде, 130 өрт сөндіруші келіп, оның бетін қайтарған. Келер жылы Президент Герберт Гувер жас қонақтарына өрт сөндіргіш ойыншық көлік жіберді.

Мұндай оқиғалар – «Ақ үйдің рождес­тволық ою-өрнегі» шарасына таптыр­мас тақырып. Бұл – бұрынғы президенттер мен елеулі оқиғаларды еске алуға арналған жыл сайынғы фес­тиваль. Ол Рейган әкімшілігі кезінде басталған болатын. 1982 жылдан бері әр президенттің құрметіне мерекелік жағдайда тұрақты түрде безендіріледі.

Жыл сайын миллионнан астам әшекейлер сатылып, одан түскен қаржы танымдық кітаптар мен президенттік артефактілерді қалпына келтіруге жұмсалады. «Мұнда ешқандай саясат жоқ. Бұл Ақ үй мен оның қызметкерлерін бір еске алып қоюға арналған мереке», – дейді бүкіл 37 әшекейді шығарған фирманың басшысы Дэйв Маркис.

Авторы: Кэтрин Цукерман


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля