Түрлі тамақ сан-қилы тәсілмен, әрқандай мақсатпен әзірленеді. Кейде діни жоралғы бойынша садақа ретінде тегін таратылады. Егер католиктер әр әулиенің, ал индуизм ұстанатындар абыздарының туған күнін ескере берсе, жылдың әр күні діни мерекеге айналар еді.
Иудейлерде ондаған мейрам бар, алайда Таурат солардың ең қасиетті бесеуі бойынша ғана жора өткізуге рұқсат етеді. Мұсылмандар да мерекеге құштар емес. Исламдағы ең үлкен тойлау екі маңызды оқиғаның соңғы күндеріне тура келеді: Рамазан айындағы Ораза айт пен қажылықтың аяқталуына орай өтетін Құрбан айт.
Әлемде ең көп жамағаты бар тоғыз дінде тойланатын мерекелерді бір арнаға топтастыру мүмкін емес. Түрлі елдер мен діндер мейрамдардың өзіне тән нұсқасын атап өтсе, ал кей дін өкілдері дербес күнтізбеге сүйенеді. Қытайдың ай күнтізбесі 60 жылдық айналыммен келсе, Үндістанда бірнеше түрлі күнтізбе бар.
«Жыл сайын мерекені қосу не алу жөнінде әлемнің әр түпкірінде саяси тартыстар болып тұрады», – дейді Бэйлор университетінің дін профессоры және Religious Celebrations (Діні мерекелер) энциклопедиясының авторы Дж.Гордон Мелтон.
1884 жылы халықаралық уақыттың орнатылуы көптеген елдерде мерекенің қолданылу ретін өзгертті. Қазіргі таңда мейрамдарға экономикалық өнімділік секілді нәрселердің әсері тиді. Бұл кей мерекелердің апта соңына түскенде алға не артқа жылжуына себеп болды. АҚШ-тағы мемлекеттік жалғыз діни мейрам – Рождество. Көпдінді Үндістанда Хинди мерекесі ретінде танылған 28 күннен бөлек тұрғындар христиан, мұсылман, сикх және буддизм мерекелері арасынан қалағанын таңдап тойлай алады. «Қазіргі заманауи тұтасқан діни ортада ондай мерекелердің мемлекет тарапынан атап өтілуі – қоғамның кішігірім діни топтарды мойындауына деген бір қадамы», – дейді Мелтон.
2015 жылғы күнтізбеде дінде кең көлемде тойланатын күндер ғана көрсетілген. Шығыс Азиядағы буддистік мейрамдардың өзіндік ерекшеліктері бар. Тибет және Шри Ланка бір мерекені әр күнде тойлайды. Негізгі бес дінге қоса, Үндістан Жайнизм мен Зороастрианизмді де таныған.
Авторы: Нина Строчлик
МОНИКА СЕРРАНО, NGM ҚЫЗМЕТКЕРІ; КЕЛСИ НОВАКОВСКИ.
ДЕРЕККӨЗ: ДЖ. ГОРДОН МЕЛТОН, БЭЙЛОР УНИВЕРСИТЕТІ; ПОЛ МИРЕКИ, ДЭНИЕЛЬ СТИВЕНСОН ЖӘНЕ САМУЭЛЬ ХАЙЫМ БРОДИ, КАНЗАС УНИВЕРСИТЕТІ; БРАЙАН КОЛЛИНС, ОГАЙО УНИВЕРСИТЕТІ, СИМРАН ДЖИТ СИНГХ, СИКХ КОАЛИЦИЯСЫ; ГЕРАЛД ФИЛСОН ЖӘНЕ СЕДРИК ГАБЕР, КАНАДАДАҒЫ БАХАИ ҚОҒАМЫ; ДЖЕФФРИ РИЧИ, БИРИ КОЛЛЕДЖІ; ҮНДІСТАН ҰЛТТЫҚ ПОРТАЛЫ; АҚШ КАДРЛАРДЫ БАСҚАРУ МЕКЕМЕСІ; ӘЛЕМДІК ДІНДЕР ДАТА БАЗАСЫ.
Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationa