..."/>
ЗЕРТТЕУ

Көз қуантар бөз

Кептер мүсіні жойылып кеткен Гуаделупа каракарасының тоқыма қаптамасымен қатар қасқайып тұр.

Гуаделупа каракаралары жойылу алдында ғана бағалана бастады. 1876 жылы Мексика аралдарында бұл жырт­қыш құстың саны көп болғандықтан оларды зиянкес ретінде жү­йелі түрде атып та, улап та өлтірді. Бұл эндемия­лық жыртқыш құстар күрт азайып кеткенде ғана коллекционерлердің қызығушылығы оянды. Құсқа жоғары баға ұсынылғаны сол-ақ екен тұзақ құрушылар қатары күрт көбейді. Нәтижесінде, олар жойылып тынды. Ал бұл Лорел Рот Хоуп үшін мысқылды тақырыпқа айналды.

Бірнеше жыл бұрын әуесқой суретші Хоуп саябақта қарауыл болып жұмыс істеп жүрген кезінде қала көгершіндерін бақылауды ермек ете бастайды. «Мен табиғатты бағаламайтынымызды, ортақ құндылықтарды құрметтемейтінімізді сонда бағамдай бастадым, – дейді ол, – осы екеуін біріктіргім келді».

Хоуп тоқыма тоқып, оған «қала көгершіндерінің биоалуандылығын бүтіндеу костюмі» (Biodiversity Reclamation Suits for Urban Pigeons) деген ат қойды. «Мен оған аздап әзіл қосқым келді, өйткені қоршаған ортаға қамқорлық ісі – азабы көп шаруа», – дейді суретші.

Хоуп кептерлердің мүсінін ша­йыр­­дан құя бастады. Содан кейін ол жоғалған құстардың қауырсынын «үш өлшемді қалыпта қолмен тоқу» үшін жіптер мен бояуларды пайдаланды. Ол тігінші секілді құс мүсініне киімін өлшеп көрді.

«Бұл – көз қуантар бөз, – дейді Хоуп, – жүрекке ауыр тиетін қоршаған ортаның бүлініп-жойылуы көрінісін жағымдырақ нәрсемен жасырады».

Авторы: Ив Конант

ФОТО: АНДИ ДИАЗ ХОУП.  БЕЗЕНДІРГЕН: ПИТЕР ШОУТЕН, ТАБИҒАТТАҒЫ КЕМШІН ТҰС: ТИМ ФЛЕННЕРИМЕН БІРГЕ ӘЛЕМНІҢ ЖОЙЫЛҒАН ЖАНУАРЛАРЫН АШУ.


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля