..."/>
ЖАҢАЛЫҚТАР

«Мағжан жылы» халықаралық деңгейде атап өтілді

2018 жыл түркітілдес мемлекеттер арасында «Мағжан жылы» аталғаны белгілі. «ТҮРКСОЙ» ұйымының мұрындық болуымен басталған бұл шара Түркиядан басталып, басқа елдерде де жағалай жалғасып келеді.

Сұлу сөз бен сырлы ойдың жүйрігі, жазықсыздан-жазықсыз қанды репрессияның құрбанына айналған Мағжан ақынның мерейтойы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен халықаралық деңгейде дүркіреп өтті. Мәдени-рухани іс-шаралар дүйім жұртшылық тарапынан зор ризашылық пен жоғары бағаға ие болды. Шара Мағжан Жұмабаевтың өзі көзі тірісінде еңбек еткен білім ордасында басталып, ұлы ақынның ескерткіш мүсінінің ашылуымен жалғасты. Ол Академик Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы гүлзарда орын тепті. Поэзия падишасына арналған қола мүсіннің тұғырына қонуына демеушілік көрсеткен белгілі кәсіпкер Б.Шаймерденов.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» көрмесі, театрларда «Шолпанның күнәсі» және «Мағжанның соты» спектакльдері қойылды.

Молодежный елдімекені Жастар болып өзгертіліп, ауылдық округіне Мағжан Жұмабаев есімі берілді. Өңірдегі басқа да бірқатар атаулар қазақшаланып, Абылайхан, Төле би, Батыр Баян, Ахмет Байтұрсынов, Дінмұхамед Қонаев, Бауыржан Момышұлы, Мұқағали Мақатаев, Шәмші Қалдаяқов секілді біртуар тұлғалардың есімдерін иеленді.

Салтанатты рәсімді облыс әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов кіріспе сөзбен ашып, Мемлекет басшысының мерейтойға арналған Құттықтау хатын оқып берді. «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов жүрекжарды сөзін жеткізді.

Фото: СҚО әкімдігіне тиесілі

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля