Кейде шынайы өмірде де таңғажайыптар болады. Қалада өскен Елена Анасова бала кезінде қиындығы мен қызығы мол, ит тұмсығы батпайтын ну орманы бар ауыл туралы аңыз-әңгімелерді жиі еститін. Енді, міне, жасы 34-ке келген суретшінің өзі 300 жылдан астам уақыт бұрын ата-бабалары қоныс тепкен мекенге табан тіреді. Олар аң терісі үшін Сібірге көшіп келіп, осында тұрақтап қалған орыс аңшылары болатын. Анасованың әкесі осында дүниеге келген және осы жерді Отаным деп есептейтін.
Тунгус немесе евенки тілінен жалпақ тілмен ауылдың аты Арал деп аударылады. Алшақтық пен шекараны көрсету – Анасова зерттеуінің түпкі мақсаты. Бұл ғажайып әрі оқшауланған Аралға жол талғамайтын көлікпен жетесіз. Ол үшін батпақты субарктикалық тайгада белгілі бір уақыт қатып жататын қысқы жолды пайдаланасыз. Ең жылдам көлік – тікұшақ. Ол ауылға 300 шақырым қашықтықта орналасқан Киренск қаласынан айына екі рет ұшады. Егер адам саны толып кетсе, тағы екі апта сарылып күтуге тура келеді.
Анасова Аралға жеткенде атқарылар жұмыстың көптігін байқады да қайтуға асықпады. Күн жылы кезде аңға қар көліктерінсіз-ақ атпен шыға беруге болады. Қалаға барғанда ғана болмаса, басқа кезде мұнда қолма-қол ақша аса көп қажет емес. Ауылдан кейін қала өмірі басқаша көрінеді. «Шаһар тіршілігі қиын, себебі жаның тыншымайды, – дейді Анасова. – Тіпті, қақаған аяздың өзін аңсайсың».
Маусым айында ауа температурасы сәл көтеріледі. Анасова айфонына ауа райы деректерін сақтап отыратын. Қаңтар айының бір таңында температура -53-ті көрсетіп тұрды.
Автор: Ив Конант, фото: Елена Анасова
Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationa