Грэйс Янг бірде су астында өмір сүріп, Флорида-Кис аралдарында 15 күн бойы 20 метр тереңдікте зерттеу жүргізіп көрді. Иллюминатордың арғы бетінде тұтасқанат та, теңіз алабұғасы айналшықтап жүрген кезде ол өзін өзге ғаламшардағыдай сезінді.
National Geographic қоғамының жас ғалымы Янг маржан кедертастарының орналасқан жері, қалай өсетіні және ары қарайғы тағдыры не болатынын жіті зерттейді. Зақым келмеген маржан кедертастары кішігірім қалаға ұқсайды. Мұнда балықтарға арналған «бөлмелер» бар, маңында азық өседі, көлемі миллиметрлік және ұзындығы бір метрлік ағзалар тығыз кеңістікте бірге өмір сүруде. Рифтердегі тіршілікті түсіну арқылы оларды қорғау жолдарын да анықтауға болады.
Рифті жіті зерттеу үшін оны жақыннан көру жеткіліксіз. Сондықтан құнарлы заттардың ағынын, су температурасы мен дауыс қарқыны секілді көзге көрінбейтін өлшемдерді алу үшін ол су астында жиі серуендейді. «Теңіз жануарларының біршамасы көзімен емес, құлағымен «көреді», – дейді ол, – біз рифті осы жағынан терең зерттегіміз келеді».
Авторы: Грэйс Янг
Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationa