Чили – таулары, аралдары мен түбектері әлемдегі ең жабайы табиғи орталардың бірі. Алайда мұндағы теңіз тіршілігін 1997 жылдан зерттеп келе жатқан биолог Врени Хауссерманның айтуынша, табиғаты қатал осы аймақ соңғы кезде күрт өзгеруде.
Чили түбегіндегі маржан қорлары жойылған, су ластанған, балықтар қолдан өсірілуде. Ластану деңгейі өте жоғары болғандықтан жаппай қырылу жиі кездеседі: 2015 жылы Хауссерманн мен әріптестері 337 киттің өлексесін тапқан.
Ол түбектегі суасты өмірін құжатқа тіркеу арқылы сақтап қалуға көмектесемін деп үміттенеді. Бұдан бұрын «Rolex» сыйлығының лауреаты су астындағы 30 метр тереңдікті зерттеген еді, енді ол түбекті 500 метрге жуық тереңдікте алыстан басқарылатын сүңгуір аппарат арқылы зерттемек. «Чили халқы мен атқамінерлеріне Патагония сұлулығын көрсету үшін бұл жобаның суреттері Google Earth бен YouTube желісіне жүктеледі», – дейді Хауссерманн.
Бұл суреттер осынау аймақты арнайы қорғауға алуға көмектеседі деп үміттенеді ол. Алайда, ең алдымен, түбекке келушілер санына шектеу қойылуы тиіс.
Авторы: Врени Хауссерман