..."/>
САЯХАТ

Қалың қалай, қазақ сарбазы?

Біз бұл материалда бұрын-соңды құпия саналып келген кейбір мәліметтермен бөліспекпіз. Әрине, ХХІ ғасырда қандай құпия мәлімет болуы мүмкін? Шетелдік әскери-танымдық сайттарды ашсаңыз, ең соңғы техникалардың өзін жілік-жілігін шағып сараптама жасап жатқанын көресіз. Бұл күнде әскери машиналар мен қару-жарақтар соғысу құралы болғаннан гөрі, интеллектуалдық бәсекенің нысанына айналып бара жатқандай. Зерттеу тұрғысынан алғанда осы тақырыптың өте қызық болатыны да сондықтан.

Ең бастысы, ешқандай пафоссыз, әсірелеу­сіз, көргенімізді сол қалпында баяндамақпыз.

Бұл мақаланы әзірлеуге қолғабыс берген ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі полковник Серік Жақсығалиұлы Боранбаевқа, «Әскери-Медиа» ЖШС басшысы Батырхан Қуатбекке шынайы алғысымызды білдіреміз. Зерттеу барысында біз әскери бөлімдер мен құпия зауыттарда, жабық сынақ поли­гондарында болдық. Құлақ тұндырар күндізгі және түнгі атыстардың куәсіне айналдық. Құрғақ сақталатын әскери ас мәзіріндегі тағаммен тамақтанып, реті келгенде өзіміз де атыс қаруымен мергендігімізді сынадық. Сырт көзге аса сезіле бермейтін әскерилердің қиын да жанкешті жұмысын көзі­мізбен көрдік. Бейбіт заманның өзінде осыншалықты қиын өмірдің жаугершілік кездерде жүздеген есе қиындай түсетіні сөзсіз. Ең қуаныштысы, әскери саладағы сирек мамандықтардың басым көпшілігін өз қаракөздеріміз меңгеріп отыр екен.

Халқымыз қасқырдың аталығын «арлан» деп атайтын. Өжеттілік пен жауынгерліктің символына баланатын осынау киелі жануардың аты ҚР Қарулы күштерінің сапындағы ең айбынды ауыр техникалардың біріне берілген.

Осы тұста тарихи заңдылық бай­қалады. Қазақтар ат жалын тартып мінгеннен-ақ жауынгерлік өнерді игеретін еді. Бәлкім, сол генетикалық жіп үзілместен бүгінгі заманның алтын арқауына айналып тұрған болар?

Иә, жауынгердің өмірі қиын, бірақ азапты емес. Себебі ол – жүрек қалауымен таңдалған нағыз ержүрек азаматтардың мамандығы. Бұл – Отанына атылған оқты жүрегімен тосуға дайын жандардың тағдыр-талайы. Қарапайым өмірдегі бөстекі істің мұнда бірі де жоқ.

Сондықтан қаймана адамға оны түсіну де соншалықты қиын. Толығырақ журналымыздың арнайы қосымшасынан оқи аласыздар.

Авторы: Мақсат Ясылбайұлы, фото: Жайнар Дәркембаев, Сергей Муравьев

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля