Максималды жылдамдығы сағатына 2125 шақырым. Қарсыласты байқау қабілеті – аса жоғары. Жедел шабуылдау мүмкіндігі. Ұшу шеберлігі. Осының бәрі – СУ 30 СМ көпмақсатты ұшағының бір басына тән қасиеттер.
Әскери тақырыптарда жазатын әріптестеріміз жақсы біледі, бұл саланың зерттеуге тұрарлық тақырыбы өте көп. Бір мақалада бәрін қамту мүмкін емес те. Солардың бірі – әскери лексикон. Ұшқыштар «соңғы» деген сөзді айтпауға тырысады. Мәселен, «соңғы ұшу», «соңғы қону» деуге болмайды, оның орнына «шеткі» деген сөз қолданылады. Қашан, қайдан бастау алатыны белгісіз осы бір «ырым» әскерилер өмірінде мықтап сақталатынын байқадық.
Ендеше, бұл біздің әскери қорғаныс өнеркәсібі тақырыбындағы «шеткі» мақаламыз емес.
Авторы: Мақсат Ясылбайұлы, фото Жайнар Дәркембаев
Қызықты ақпараттар – алдағы сандарымызда.