Қазақстанның жаһандық ядроға қарсы қозғалыстағы айрықша рөлі мақалада ерекеше атап көрсетілген. 2016 жылы АҚШ астанасы Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммит шеңберінде ҚР Президенті Н.Назарбаев «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін жария етіп, Қазақстанның ядролық қару түрлеріне түбегейлі қарсы екенін паш етті. 2001 жылдың 29 тамыз күні Семей қаласында «Өлімнен де күшті» монументі тұрғызылды. Ол ядролық полигонның 500 мыңға жуық құрбанына арналған.