..."/>
САЯХАТ

От ішіндегі оазис

Ауғанстан – соғыстың емес, елдің аты.

Талибан шабуылдарымен қатар оның аты жаңалықтардың алғашқы легінде жиі аталады. Алайда аумағы Франциядан да үлкен осы бір Таяу Шығыс мемлекеті туралы не білеміз? Оның халық сирек баратын жерлерінің бірі – бекем Уахан дәлізі. Құлаққа түрпідей тигенімен, Гиндукуш тау жотасының арғы жағындағы мекен зорлық-зомбылықтан ада, тау шыңдарын күн сәулесіне бөлеп, өзінше мамыражай тірлік кешуде.

Былтырғы жазда мен Тәжікстан, Пәкістан мен Батыс Қытайдың тік жартасты тауларының арасында жатқан осынау шөлді жаяу кесіп өттім. Бірнеше аптаға фотограф Мэттью Пали маған серік болып, екеуіміз исмаилдық бейбіт фермерлер өгізбен астық бастырып жүрген аңғарлардан жоғары көтерілдік. Мұздай суық жылғада су диірменінің тасы шыр айнала ұн тартып жатыр екен. Мұздықтардың етегінде өрік бақшаларын күтіп-баптап жүрген ауыл тұрғындары сонау шалғай Кабулдағы қантөгістен мүлде бейхабардай көрінді.

Біз жолсыз жерді құдды «Жібек жолының» керуеншілері секілді жүк артқан есектерімізбен кесіп өттік. 4250 метрді артқа тастап, «Забардаст!» – деп айғай салдық. Бұл сапарымыз туралы National Geographic журналының қырқүйектегі санынан оқисыздар.

Жаяу жол

2013 жылы Пол Салопек «баяу журнализм тәжірибесіне» бет бұрып, тас дәуірінде алғаш көше бастаған адам ізімен 34 мың шақ. жүріп өтпекке бел буды. Саяхат барысында ол күн сайын жаһандық жылынудан бастап, ұлттардың күнкөріс қамы секілді өзекті мәселелері мен оған тап болған адамдардың көзқарасын жазып отырады. Жазбаны журналдың өткен сандарынан, ал толық саяхат барысын outofedenwalk.org сілтемесі бойынша оқи аласыздар.

Авторы: Пол Салопек, фото: Мэтью Пали


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля