Рувензори тау жотасының қаншалықты жылжығанын анықтау үшін Африкаға сапар шектік.
«Көтерілген сайын өсімдіктер әлемі тропикалық жаңбырлы ормандардан – таулы аймаққа, ашық алаңқайларға ауысты». —Кристиан Зиглер
Cаяхаттан 6 ай бұрын. Бағытты жоспарлау.
Мен тектоникалық тақталарының жылжуы Рувензори тауын орнынан қалай қозғағанын есептейтін GPS координаттарын қолданған бір топ неміс геологін суретке түсіруге шақырылдым. Артынша жоспар құра бастадық. Тау жотасы Уганда мен Конго демократиялық республикасының шекарасында болатын. Топ саяхатты, менің өтінішім бойынша, КДР-дың кикілжіңінен жырақ Уганда тарапынан бастауға бел буды.
Cаяхатқа 2 апта қалғанда. Қажетті заттарды дайындау.
Бейкер тауының етегінде ауа температурасы 30 градус айналасында болатын. Біз көтерілген сайын күн суытып, жел күшейіп, қар жауа бастады. Бірнеше күннің ішінде аптап ыстықтан қатты аязға дейінгі ауа райының бәрін бастан кешірдік.
Cаяхатқа 48 сағат қалғанда. Жолға шығуға дайынбыз.
Рувензори секілді биіктікке өрмелеп шығу менің арманым болған Панамадағы үйімнен Нью Йоркке, одан ары Амстердамға ұштым. Ең соңында, Уганданың Энтеббе қаласынан бір-ақ шықтым. Геологтармен сол жерде кездесіп, барлығымыз бірге елдің батыс шекарасына жол тарттық. Рувензори тауының етегіндегі ауылға келіп, Бейкер тауының шыңына шығарда қатарымызға 15 жүк тасушы мен аспаз және бір қарулы күзетші қосылды.
Автор және фото: Кристиан Зиглер, Нина Строчликке баяндаған оқиға желісімен.
Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationa