..."/>
ЖАҢАЛЫҚТАР

Тәуелсіздік – тұғырым

16 желтоқсан – ата-бабаларымыздың сан мыңдаған жылдар бойы армандаған, сарғая күткен Тәуелсіздік күні. Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны ерекше.

Себебі ол күн халқымызға оңайлықпен келген жоқ. Бұл батыр бабаларымыздың әр жылда төгілген қанының, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың ұлы арманы болған күн.

Тәуелсіздікті – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы десек те болатындай. Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.

Бүгінгі талай ұлт пен ұлыстың берекелі мекеніне айналған Ұлы Далада азат елдің азаматы атанғаннан асқан бақыт жоқ. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр кешуіміз осы – Тәуелсіздіктің жемісі.

Фото: Павел Михеев

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля