Антибиотиктер жаныңызды аман алып қалуы мүмкін. Бірақ олардың адам денсаулығына келтірер залалы да аз емес. Жуырда жасалған зерттеу жұмыстары оларды балаға ерте жастан беру баланың семіздікке шалдықтыратынын анықтады.
Антибиотиктер бактерияны өлтіретіні анық. Алайда бактерия қауіпті инфекциялардың бетін қайтарса жақсы ғой, бірақ ондай дәрілер ағзадағы басқа да пайдалы бактерияларды да қырып салатынын ескеруіміз керек. Бұның арты қиындықтар тудыруы мүмкін.
Біздің денеміз бактерияға толы. Адам микробиомассасының бір бөлігі болып табылатын бұл бактериялар біздің тіршілігіміз үшін аса маңызды. Денеміздегі басқа микроорганизмдермен бірге олар біздің ас қорытуымызға, қалыпты өсуіміз бен иммундық жүйеміздің сақталып тұруына өз пайдасын тигізеді. Антибиотиктерді қабылдаған кезде, біз байқаусызда пайдалы бактерияларды да өлтіріп аламыз. Бір қарағанда, бұл үлкен проблема да еместей болып көрінуі мүмкін. «Әлем бактерияға толы, оны алмастыра салу қиын боп па?» дерсіз. Алайда, микробиомассамызды жақсырақ таныған сайын сәби шағымыздан бері бойымыздан табылатын бактериялар маңыздылығының зор екеніне көз жеткіземіз.
Зерттеу жұмыстары өсе келе семіздік ауруына ұшырау қауіпі кесір тілігі арқылы дүниеге келген сәбилерде жоғары екенін анықтаған. Мұның бір себебі — табиғи жолмен туылмаған нәрестелердің өсе келе қажетті бактериялар мөлшерінің жетіспеушілігі өзінің кері әсерін тигізбей қоймайды.
Ғалымдар әскери денсаулық сақтау мекемесінің қарамағындағы үш жүз мыңнан аса нәрестеге бақылау жүргізеді. Олар сәби өмірінің алғашқы екі жылында антибиотик қабылдап-қабылдамағандарына баса мән берді. Сонымен қатар, ғалымдар балаларға асқазан рефлюксін емдеу үшін тағайындалатын асқазан қышқылын азайтатын екі дәрінің біреуі берілген-берілмегенін сұрап е. Антацидті қабылдау ауыз бен мұрын қуысынан ішекке қарай жылжыған бактериялардың асқазан қышқылынан өлуіне мүмкіндік беру және бактерияларды өлтіруі арқылы оларды құбылтуы мүмкін екенін көрсетті.
Зерттеу нәтижелері көрсеткеніндей, антибиотиктерді қабылдаған балалардың семіздікке ұшырау қауіпі басқа балаларға қарағанда 26%-ға жоғары болып шықты. Антацидтердің екі түрінің бірін қолданудың өзі аз да болса, семіздік қауіпін арттырады. Ал, антибиотиктерді антацидтермен бірге қабылдау антацидтерді ұзақ уақыт қабылдағандай әсер беретіндіктен, қауіпі тіптен жоғары.
Қызық болғанда, фермерлер біршама уақыт бойы мұны өз пайдаларына шешіп келіпті. Туыла салысымен антибиотик қабылдаған малдың салмағы артып, еті мол болатын көрінеді. Антибиотикті төрт-түлік малға беру фермерлердің қалталарын қампайтқанымен, антибиотикке төзімділікті де қалыптастырады.
Жастай антибиотиктер мен антацидтерді қабылдау семіздікке ұшыратып қана қоймай, тамаққа аллергияны қоздырып, демікпе секілді өзге аллергиялық ауруларды да ушықтырады. Бұдан шығатын қорытынды — тәніміздегі бактерияға кедергі келтіретін «дәрәлерді» қабылдарда абай болған абзал.
Жоғарыда айтқанымдай, антибиотиктер өмірімізді сақтап қалуы мүмкін, дей тұрғанмен, денеміздегі қажетті бактериялардың жойылып кетуіне де әсер ететінін естен шығармауымыз керек. Біз көбіне антибиотиктерді аса қажет болмаса да қабылдаймыз. Мәселен, тұмауға қарсы жазылған дәрілердің көбі вирустық инфекцияға қарсы дәрілер. Кей құлақ инфекциясы секілді ауруларды антибиотиксіз де емдеуге болады. Біз антибиотиктерді қолдануымыз керек болған жағдайда да оларды белгіленген мерзімінен ұзағырақ немесе қажетінен мықтырақ антибиотиктерді пайдаланамыз.
Дәрі-дәрмекті бізге тағайындайтын дәрігерлер болғандықтан, өзгерісті алып келу де солардың қолында. Дегенмен, ата-аналар да қол қусырып қарап отыра бермей, антибиотикті (немесе антацидті) тағайындау шынымен міндетті не міндетті емес екенін дәрігерден сұрап алуы керек. Егер дәрігер міндетті екенін алға тартса, оны балаға беру керек.
Біз өзіміз бен балаларымыздың денсаулығына есепсіз залал келтіретін семіздік індетінің қақ ортасында тұрмыз. Осы жолайрықтан шығу үшін барлығымызға белгілі бір деңгейде білім қажет. Ал ол білімді тек ғылыми материалдардан ғана іздеген жөн.
Авторы: Клэр Маккарти