Саңырауқұлақ пен бактерияның өзара әрекеттесуін зерттеу кейбір сауалға жауап.
Ірімшік жасау – өнер ғана емес, сондай-ақ ғылым. Өзге ұйытқы, комбуча, кимчи тектес ферменттелген тағамдар секілді ірімшік те бактерия, ашытқы мен зеңнің қосындысынан жасалады. Ірімшік көбіне ұйыған сүттен әзірленеді, бірақ микробтардың бір түрін қосу арқылы ол өзіндік текстура мен иіске бөленеді. Ірімшіктің қалың қабығында микробтар өсіп көбейіп, ылғалды ұстап тұратын қабат түзуге көмектеседі.
Микробиолог Бенджамин Вулфтің зертханасы ірімшіктің шағын экожүйесіндегі (адамның ішегіндегі немесе топырақтағы экожүйемен салыстырғанда) өмірді зерттейді. «Мына ірімшік қабығында соғыс пен бейбіт кезең күнде алмасады», – дейді Вулф. Микробтардың «мінезіне» ненің әсер ететінін түсіну арқылы оларды өзгертіп, басқара аламыз. Осылайша, дәрі-дәрмектің тиімдірек түрлерін ойлап табуға болады. Дәм – бұл мәселенің басы ғана!
Авторы: Дэниель Стоун
Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationa