2018 жыл біртуар ғалымдардың бір парасының жыныстық теріс әрекеттерін әшкерелеумен қатар, оны жүгендемек болған қаржыландырушылар мен кәсіби ғалымдардың атсалысуымен ережелерге де өзгерістер әкелді.
Осы жылы #MeToo қозғалысы көптеген адамды «теріс қылық жасады» деп айыптады. Көңіл көтеру, саясат, БАҚ саласындағы қылмыскерлердің істері қаралып, жазаланса, ғылым саласы да жыныстық алымсақтық пен шабуылдан кенде болмай шықты. Мұндай қылықтан арылу үшін жоба қолдаушылары мен оқу орындары ғылыми мәдениет пен марапаттау жүйесін өзгертуге батыл қадамдар жасады.
Көктемде белсенділер теріс қылыққа қатысы бар оқу орындарындағы ғалымдардың марапатын алып қоюдан және қаржыландырудан бас тартқан оқу орындарына петиция жаза бастады. Олардың арасында: Ұлттық ғалымдар академиясы (ҰҒА), Америкалық ғылымды дамыту ассоциациясы (АҒДА), Говард Хьюз медициналық институты мен Ұлттық медицина инситуттары да бар. Кейіннен, АҒДА «кәсіби этиканы бұзған шәкірт АҒДА-ның шешімімен өз мәртебесіне лайықсыз деп табылған жағдайда» Шәкіртақы алушы мәртебесінен айыру туралы ереже қабылдағанын жариялады.
Ақпан және мамыр айларында АҚШ-тың Ұлттық ғылыми қоры мен Ұлыбританияның Wecome Trust қоры грант алушы мекемелерге қаржыландырылған бас зерттеушілердің алымсақтыққа жол бергендер туралы хабар берулері керектігін ескертті.
Соған қарамастан, жыл бойы жыныстық алымсақтыққа жол берген ғалымдардың іс-әрекеттері үздіксіз жарияланып тұрды. Олардың арасында:
- Ирвайн қаласындағы Калифорния университетінің генетигі – Франциско Аяла университетте зерттеу жүргізіліп, өзінің әріптестері мен студентттеріне жыныстық қатынасқа шақырғандығы анықталғаннан кейін жұмыстан қуылды. Оқу орнының ең танымал профессоры болуымен қатар, Аяла факультетке миллиондаған доллар қаржы құйып, ғимараттар соқтырып, шәкіртақы тағайындап, өз атынан салым да ашқан тұғын.
- Рочестер университетінің профессоры Флориан Егердің адамдарға олардың келісімінсіз жақындамағаны анықталғаннан кейін, ми ғылымдары профессоры қызметін жалғастыруда. Дегенмен, бұл жағдай мекемеге қатысты сот ісін қозғап, университет президентімен қоса, бірнеше тұлғаның қызметінен кетуіне түрткі болды.
- Колумбияның мемлекеттік қайраткерінің айтуынша, нейроғалым Томас Джессел Колумбия университеті мен Говард Хьюз медицина институтынан «Университет тәртібі мен құндылығын бұзды» деген айып тағылған. Студенттер газеті Джесселдің зертхананың бір мүшесімен жыныстық қатынасқа түскенін жариялады.
- Үш психология және ми ғылымдарының профессоры Уильям Келли, Паул Уален және Тодд Хисертонның үстерінен бірнеше әйел «балағаттады, зорлады» деген мәлімдеме жасады. Істің анық-қанығы анықталған соң, олар Дартмут Колледжінен қуылып, зейнетке шығарылған. Осыдан кейін колледжде улы ортаның қалыптасуына жол берілді деген айыппен жеті әйел арызданды.
- Йель медицина мектебінің профессоры Майкл Саймонстың аспирантқа жыныстық алымсақтық танытып, оның Йель мектебінде дәрігер болып істейтін күйеуіне әділетсіз қарым-қатынас жасағаны анықталған уақыттан төрт жыл өткен кейін жеке қаржыландыруға ие болды. Кафедра мүшелері мен өзгелер бұған қарсылық танытып, Симонстың университеті сотқа беруін талап еткеннен кейін ғана университет қаржыландыруды қайтарып алған.
- Вандербильд университетінің нейроғалымы Дэвид Суиттің кезекті демалысы кезінде университет үстінен іс қозғап, оның конференция кезінде наша қолданып, студентті жыныстық қатынасқа итермелегенін анықтады.
- Солк институтында қатерлі ісік ауруын зерттеуші Индер Вермаға қатысты жеті әйел «жыныстық теріс қылық жасады» деген мәлімдеме жасады. Осы себепті, ол кафедра мүшесі болу құқығынан және PNAS-тың бас редакторы мәртебесінен айырылып қалды.
Үздік герпетолог марапатын табыстарда сөз алған Ричард Фогт слайдтарында далалық жұмыстарды шомылу киімімен жасаған студенттердің суреттерін көрсетемін деп, Twitter секілді бірнеше әлеуметтік желілерде сынға қалды. Марапатты ұсынған Герпетологтар лигасы келесі күні оны қайтарып алды.
Авторы: Шана Вильямс