..."/>
NATIONAL GEOGRAPHIC

Атақты Аконкагуа шыңын бағындырған қос альпинист елге оралды

013

Оңтүстік Америкадағы Аконкагуа шыңын бағындырған Мақсұт Жұмаев пен Мағжан Сағымбаев елге аман-есен оралған бойда экспедицияның сәтті аяқталуына байланысты баспасөз мәслихатын өткізді.  

Алматыдағы «Достық» қонақ үйінде ұйымдастырылған шараға альпинистерден бөлек, Қазақстан географиялық қоғамы мен «Kaspi bank» АҚ жетекші мамандары қатысты.

2016 жылы 29 ақпанда Қазақстан туын Оңтүстік Америкадағы ең биік шыңға тіккен қос альпенист өздерінің бұл жеңісін 2011 жылы Қысқы Азия ойындарының чемпионы, трамплиннен секіру кезінде ауыр жарақаттанып қалған Евгений Левкинге арнайтынын айтты.

011

Атақты альпенист, «Kazakh Alpine Clab» жобасының жетекшісі Мақсұт Жұмаевтың айтуынша, Аконкагуа шыңы Еуропа, Азия, Оңтүстік және Солтүстік Америка жерінде орналасқан ең биік 7 шыңның қатарына кіреді. «Мен үшін бұл сапардың жауапкершілігі аса жоғары болды. Олай дейтінім шыңды бағындыруды айтпағанда, биік тауға алғаш шыққан Мағжанды екі апта ішінде нағыз альпинист жасап шығару керек болды. Одан бөлек әр күнімізді кестеде көрсетілгендей  өткізу оңай болған жоқ. Экспедиция онлайн режимінде жүргендіктен өз жанкүйерлерімізді ұятқа қалдырмау міндеті тағы бар. Ең қиыны сапар барысында Тынық мұхитынан соққан дауыл көп кедергісін келтірсе де, біз оған қарсы тұра білдік», – деді ол.

Тауға өрмелеуді енді ғана қолға алған, әуесқой альпенист Мағжан Сағымбаев болса шыңды бағындырған сәттегі әсерімен былайша бөлісті: «Шыңға қазақ елінің туын қадаған сәтте жол бойы тыныстауға оттегі таппай қиналып ауырғаныңды, жаурағаныңды, қарныңның ашқанын әп-сәтте ұмытып, өмірге не үшін келгенімді ұққандай болдым. Экспедиция аяқталғаннан кейін Мақсұт альпинистер арасындағы кісі өлімі тауға өрмелегеннен гөрі, таудан түскенде жиі болатынын айтқанда бойымды қорқыныш сезім билегенін жасыра алмаймын».

Ескере кететіні Мағжан Сағымбаев тауға өрмелеуде тәжірибесі болмаса да, жер бетіндегі 21 елді жалғыз аралап, велосипедпен 40 мың шақырым қашықтықты жүріп өткен алғашқы қазақ.

014

Экспедицияның толықтай жүзеге асуын «Қазақ географиялық қоғамы» қоғамдық бірлестігі қадағалап отырса, «Kaspi bank» АҚ қаржылай қолдау көрсеткен.

Бұл жобаға сондай-ақ Алматы қаласында 2017 жылы болатын 28-Дүниежүзілік қысқы универсиаданың дайындығы мен өткізу шараларына жауапты дирекция, Қазақстан Республикасының Альпинизм және құзға шығу федерациясы мен ҚР ҚМ Әскери орталық спорт клубы да қолдан келген көмегінен аянып қалған жоқ.

Еске сала кетсек, Аконкагуа шыңы – Анд тау сілемінің ең биігі, теңіз деңгейінен 6962 метр биіктікте орналасқан Оңтүстік Американың ең биік нүктесі.
Жалпы америка құрлығындағы ең биік тау, Батыс жартышарының биік нүктесі, Оңтүстік жартышарының ең биік тауы деп биіктіктер рейтингінің арасында ол алғашқы орындарда аталып тұрады. Аконкагуа Тынық мұхитына не бары 150 километр жақын орналасқандықтан, тау басында емін-еркін соғатын «ақжел» дауылдары әбден «танымал». Бұл тау оңтүстік ендігінің 32 градусында Чили шекарасынан 30 км қашықтықта, Аргентина жерінде орналасқан.

0127J0B5803 8F3A6063 8F3A6140 8F3A6144 8F3A6147 8F3A6157  8F3A6167

Авторы: Дәурен Құдайбергенұлы

Фото: Оңғарбек Алхаров

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля