Дүниеде ерекше жаратылған жәндіктердің бірі – дәуіт (лат. manthoptera, mantodea). Ол басын төрт құбылаға бірдей, яғни 360 градусқа бұра алады. Дәуіттің денесі ұзынша (40-75 мм) болып келеді. Жазда өсімдіктің маусымдық өзгеруіне байланысты түсі жасыл, сары, қоңыр болып құбылады.
Қос қанатты, алдыңғы екі аяғы жемін қармауға икемді келеді. Қазақстанның барлық облыстарында дәуіттің жиырмаға тарта түрі бар. Әсіресе, кәдімгі дәуіт, теңбіл қанатты дәуіт, қауырсын тұмсықты эмпузалар жиі кездеседі. Дәуіттер шала түрленіп дамиды, олардың қыстағы жұмыртқасы көктемге салым қанатсыз дернәсілге айналады да, 7-8 рет түлейді.
Дәуіт зиянкестермен қоректенетін болғандықтан, ауылшаруашылығына пайдасы өте зор. Бірақ олардың кейбір түрі бал арасын, пайдалы қоңыздарды да жеп қояды.
Дәуіттің 3 түрі КСРО Қызыл кітабына енгізілген екен.
Суретті түсірген: Юрий Варыгин, Қарағанды қаласы.