..."/>
ЗЕРТТЕУ

Қыран құс пен құсбегі

Ғалымдардың пайымынша, адамзат тарихында құсбегілік өнері ең алғаш қазақ жерінде қарқын алған. Қазақтың қыран құсты тектілерге теңейтіні, қаршыға баулуды бекзаттыққа балайтыны да сондықтан шығар. Шынында да, Ұлы дала елі үшін құсбегілік – өнердің төресі.

Көшпенділерге тән осындай ұлы өнер әу баста жұрттың аң аулап, ризық табу, нәсіп айыру мақсатында қолға алынған болуы да мүмкін. Алайда бабаларымыз саятшылықтың сән-салтанатымен қоса, бірте-бірте бұл өнердің дәрежесін көтерді, абыройын асырды.

Ондай өнер атадан балаға жұғысып, құсбегілік күні бүгінге ел арасында ерекше мәртебеге айналып келеді. Текті құсты қалай баулуды көрсетіп, тегеурінін тексеріп, бабы келгенде аңға салуды әкесі баласына әліппедей үйреткен. Нәтижесінде ұлы өзегіміздегі өнер өлген жоқ. Соңғы жылдары балапан баптап, қыран ұшырудың қыры мен сырына жеткіншектердің өздері де жастайынан ден қоя бастады.

Бұл сурет соның бір ғана дәлелі.

Сөз орайы келгенде айта кетейік, жақында ағылшынның Daily Mail басылымы «Қазақтың салт-дәстүріндегі асыл құндылықтардың бірі – құсбегілік өнерін игерген он үштегі қыз» деген тақырыппен мақала жариялады. Онда Моңғолияда тұратын Айшолпан (Aishol Pan) есімді қыз әлемдегі ең жас құсбегі екендігі айтылған. «Әсіресе, ол өз суреттерінде бүгінде көмескі тартып, жоғала бастаған ежелгі салт-дәстүрлердің бірі – құсбегілік өнердің өкілдеріне ерекше мән береді» – деп жазады басылым.

Фото: Сәрсенбек Қызайбекұлы

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля