..."/>
ЗЕРТТЕУ

Мұнай қуаты

_SV_0226 копия

МҰНАЙ – өркениетті өзгертіп, тұрмыс-салтымызды түбегейлі жаңа деңгейге көтерген құнды шикізат. Сондықтан да дүниенің даму дөңгелегі өзгеріске бет бұрған уақытты мұнайдың алғашқы тамшысы алынған күннен бастауға да болады. Әйтсе де адамның «қара алтынмен» таныстығы да, оған қызығу дерегі де тым әріден басталады.

П-762. Рабочие за ремонтом скважин на Эмбанефть

Тарих деректерін барласақ, Таяу Шығыс тұрғындары «таушайыр» деп атайтын ауыр қоймалжың заттың жер бетіне шығып жата-тыны туралы мәліметтер біздің дәуірімізге дейінгі 3000 жылдықты қамтиды. Иерихон және Вавилон қабырғаларын тұрғы-зуға осы таушайыр пайдаланылған деседі. Біздің дәуірімізге дейінгі 347 жылдары Қытай бамбук құбыры арқылы жер астынан мұнай сор­ды. Кас­пий теңізі мен оның төңірегіндегі «қара май» туралы мәліметтер жазба дерек-терге V ғасырда енген екен. Ендеше, адамзат мұнайдың қасиетін ерте заманнан өз мүм-кіндіктерінше қажетіне жарата білген деуге негіз бар.

000 (112) копия

Әйтсе де мұнай саласындағы ізденістер «қара алтынның» қадірін біртіндеп арттырып, ең ақыры қазіргі уақытта әлемдік экономиканы қалыптастырудың ықпалды тетігіне айналдыр-ды. Осылайша, мұнай адамзаттың тұрмыс сал-тына өзгеріс енгізуден бастап, даму деңгейін айқындаушы мәртебелі құралға айналды. «Қара алтын» қазіргі күні де өзінің жаһандық үстемдігін жүз жылдықтарға жалғастырып келеді.

Мұнай тарихындағы қызықты жаңалықтар:

1848 жылы Баку аумағындағы Биби-Эйбат кен орнында әлемдегі ең алғашқы мұнай ұңғысы бұрғыланды.

1849 жылы канадалық геолог Абрахам Гес-нер керосинді өндіріске енгізді;

1859 жылы АҚШ-та тұңғыш мұнай өндіріліп, алғашқы ұңғымалар жерге көптеп әрі тереңірек сүңгітіле бастады. Дәл осы 1859 жыл дүниежүзін-де мұнайдың өндіріске енгізілген тарихи жылы ретінде қабылданды. Мұнайдың мәртебесі кө-терілген сайын оның барлану ауқымы кеңейіп, біртіндеп Каспий аймағы әлем назарын өзіне аудара бастады.

1873 жылы Бакуде мұнай индустриясына мән беріліп, Ресейдің мұнай бизнесіне әйгілі Но-бель отбасы араласты. Осылайша, ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастау алған мұнай, ХХ ға-сырдың дамуын түбегейлі өзгеріске ұшыратты.

Мұнай дүниежүзілік жанар-жағар май энер-гетикалық балансында орасан зор үлеске ие: адамзат пайдаланатын қуат көздері ішінде «қара алтынның» үлесі 48%.

YY2Y1022 копия

Қарашүңгілден Қашағанға дейін

Қазақ халқының аңыз-әңгімелерінде мұнай-ға қатысты «киелі от», «жанатын қара май» секілді мысалдарды көптеп кездестіруге бо-лады. Жұрт аузындағы деректерге келсек, ХІХ ғасырда Атырау өңірінде өмір сүрген емші Мә-тенқожа мал қотыры мен адамның тері ауруын Ойыл өзенінің төменгі ағысындағы құмның астынан шығатын қара маймен емдеген екен. Жібек жолымен Қытайдан Үндістанға беттеген сауда керуендері арба дөңгелектеріне Зайсан ойысындағы Қарамай шатқалында жиналып қалған қара майды пайдаланғаны туралы сая-хатшылардың естеліктерінде кездеседі.

Әлемдік мұнай дүрбелеңі аясында Ресей империясы Батыс Қазақстанның Маңғыстау түбегіне баса назар аударды. 1864 жылы Ре-сей экспедициясы осы өңірден мұнайдың алғашқы белгілерін тауып, 1887 жылы орыс геологтері «қамбаны» тереңірек қазуға кірісті. 1851-1853 жылдары Бозащы түбегі зерттелді. Зерттеу барысында қолмен бұрғылау станок-тары алғаш рет пайдаланылды.

Қарашүңгіл, Доссор мен Ескенедегі мұнай белгілері сол кездегі әлемдік қоғамдастықты елең еткізген ірі жаңалық еді. Алғашқы мұнай барлау объектілері Доссор, Қаратоң, Қа-рашүңгіл және Ескене болды.

Қарашүңгілдегі зерттеу нәтижесінде те-реңдігі 38-ден 275 метрге дейін 21 ұңғы бұрғы-ланды. 1899 жылдың қарашасында Қарашүңгіл кен орнындағы №7 ұңғымада 40 метр тереңдік-тегі карст қуысының гипстелген жынысынан жеңіл мұнай атқылады. Міне, дәл осы оқиға тарихтағы қазақ мұнайының ашылуы саналады.

IMG_1550 копия

Қазақ мұнайының даму шежіресі:

1930-1939 жылдары Ембі мұнай ай-мағының дамуы. Осы жылдар аралығын-да ғылыми-зерттеу орталықтары, жобалау институттары,­ мұнай саласы оқу мекемелері құрыла бастады.

1940-1949 жылдары неміс басқыншылығы-на қарсы соғыста қазақ мұнайы үлкен рөл атқарды. Сарапшылар фашистік Германия жеңілісінің бір себебі ретінде Америка мұнай-ының басымдығын айтып, соғыс аяқталар тұста немістердің «отын ыдыстары бос қалға-нын» алға тартады. Есесіне қазақ мұнайы жеңісті жақындатудың шешуші факторының біріне айналды. Осы жылдар аралығында Гурьев мұнай өңдеу зауыты іске қосылған болатын.

1950-1959 жылдары Маңғыстау түбегін-де мұнай кендерін зерттеу белсенді түрде қолға алынды. Батыс Қазақстан геологиялық басқармасы құрылды. Қазақстанда алғаш рет мұнай өндіру көлемі миллион тонналық межені еңсерді.

1960-1969 жылдары қазақ мұнайының әлемдік нарыққа экспорты еселеп арта түседі. Дәл осы жылдары Мұнай экспорттау­ шы елдер ұйымы (ОПЕК) құрылды. Ал Қа-зақстанда мұнай өндіру жылына 10 миллион тоннаға жетті. 1961 жылы мұнай мен газға бай Өзен кен орны ашылды. Одан тура жарты жыл өткенде Жетібай кені игеріле бастады.

1970-1979 жылдары Бозашы мұнайын иге-ру басталды. Геофизикалық зерттеулердің жаңа тәсілдері енгізілді. Павлодар мұнайхи-мия зауыты іске қосылды. Сонымен қатар ең ірі Теңіз, Қарашығанақ кен орындары ашылды.

1980-1989 жылдары Құмкөл жаңа мұнай және газ кен орны ашылды. Шымкент мұнай өңдеу зауыты іске қосылды.

Теңіздегі төтенше

1985 жылдың 24 маусымында Теңіз кенін-дегі №37 ұңғымада алапат өрт орын алды. Бұл нағыз ғасыр апаты болатын. 400 күн, 400 түн бойы аласұрған өртті ауыздықта-уға әлемнің ең азулы, тісқаққан мамандары тартылды.

Теңіздегі апаттың қоршаған ортаға тигізген залалы сұмдық еді. 1985 жылдың 24 маусы­ мында­ ­шыққан өрт 1986 жылы шілденің 27-сіне дейін жалғасқан. Осылайша құрамында күкіртті сутегі бар мұнай аралас ілеспе газ ауада бір жыл, бір ай бойы лаулады. Мәлімет-терге сүйенсек, осы уақыт ішінде 3,5 млн тонна мұнай жанып, 1,7 млрд текше метр кө-гілдір отын күлге айналған. Қоршаған орта 900 мың тонна күйе мен залалды қалдықтар-мен көмкерілді. Аспанға шапши жанған жа-лынның ұшар басы 200 метрге жеткен екен.

Ал оның төңірегіндегі топырақ қызуы 400 0С градустан асып түскен. Салдарынан аса жоғары температура жағдайында қара жер қайнап пісіп, әйнек тектес жасанды минерал обсидианға айналды. Голландиядан арнайы қондырғы алынып, алапат өртті америкалық мамандар ауыздықтады.

Бүгінгі күні сол өрт болған жерде «Теңіз-шевройл» ЖШС жұмыс жасауда.

1 (672) копия

Қазақ мұнайының екінші түлеуі

Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін мұнайдан бөліп қарау мүмкін емес. 1990-1999 жылдары Тәуелсіз Қазақстанның мұнай өңдеу саласы қайта түледі. «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны құрылды. Шетелден инвестиция тартылып, әлемнің ірі мұнай компаниялары қазақ даласына қадам жа-сай бастады. Каспий құбыры консорциумы іске қосылды.

2000-2009 жылдары әлемдегі ең ірі қай-раңдағы кен орны болып саналатын Қашаған ашылды. Қазақстан, Ресей мен Әзербайжан арасында Каспий теңізінің табанын бөлу ту-ралы келісімге қол қойылды.

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орна-ласқан Қашаған 75 x 45 шақырым аумақты алып жатыр. Кен орны ХІХ ғасырда Маңғыстау өңірінде өмір сүрген ақынның атымен аталды.

Бұл соңғы – 40 жылда табылған әлемдегі ең ірі кен. Кеннің коллекторы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз түбінен 4200 метр-дей тереңдікте жатыр. Зерттеулерге сәйкес, кен орнының мұнай қоры 9–13 миллиард бар-рель мұнайды құрайды.

2010 жылдан бастап қазақ мұнайы жаңғы-рудың жаңа кезеңін бастан өткеруде. 2013 жылы Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 80 миллион тоннаны бағындырды. 2015 жылы «Самұрық-Қазына» қоры аясында трансфор-мациялау бағдарламасы жүзеге аса бастады.

Сарапшылардың бағалауынша, Қа-зақстан мұнай мен газдың 8 миллиард тонна дәлелденген қорына ие. Кен орындарын иге-руді арттыру арқылы Қазақстан жылына 90-100 миллион тоннаға дейін мұнай өндіру мүмкіндігіне ие. Нәтижесінде Қазақстан әлемдік мұнай өндірушілердің алғашқы он-дығына ене алады.

Трансформациялау – терең тыныстау

МҰНАЙ саласындағы әлемнің жетекші компаниялары соңғы жылдары инновация­ лық технологияларды белсенді енгізумен айналысуда. Қазақстанның мұнай-газ өнер-кәсібі де трансформациялау бағдарламасы аясында жаңа инновациялық бастамаларға батыл кірісті. Соның бірі – мұнай өндіруді он-лайн жүйесінде бақылау. Қазақ мұнайының қарашаңырағы саналатын «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамына қарасты «Уаз» кенінде іске қосылған инновациялық технология «Ин-теллектуалды кен орны» деп аталады.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Бас ди-ректоры Құрманғазы Есқазиевтің айтуынша, «Интеллектуалды кен орны» –трансформа-циялау бағдарламасы аясындағы қанатқақты жобаның алғашқысы. «Өндірістік есептер, мониторингтік талдау, кен орнындағы ақаулар түгел осында тіркеледі. Ақпараттың барлығы үлкен экранда кен орнынан барлық өлшемдер бойынша онлайн жүйеде көрініп тұрады», – дейді Құрманғазы Есқазиев.

«Интеллектуалды кен орны» өндірістік қа- терлерді төмендетіп, апаттық жағдайларды алдын ала ескертеді. Ең бастысы, ақпараттар үздіксіз өңделіп, жедел басқару мен шұғыл шешім қабылдау қамтамасыз етіледі. Бір сөзбен айтқанда, мұнда мұнайдың 600 метр тереңдіктен алынғанынан бастап, ілеспе қоспалардан тазартылғанын, пеште қызды- рылуын тіпті құбыр арқылы Солтүстік Жол- дыбай кенішіне дейін тасымалдану үдерісінің бәрін монитор арқылы онлайн режимде бақылау енгізілген.

nikita bassov-0395-IMG_2501 1 копия

Басты ерекшелік – инновациялық техноло- гия шығынды азайтады, уақытты үнемдейді:
– жерасты жабдықтарын пайдаланудың баяу тәртібі ұңғымаларды жөндеу санын азайтуға мүмкіндік береді;
– ұңғымалар іркілісін тіркеу оларды қалып­ қа келтіру уақытын 15-20 пайызға азайтады;
– электр энергиясы 30-40 пайызға үнемделеді;
– мұнай өндіру бюджетін 20-25 пайызға азайтуға ықпал етеді. Жобаның нәтижесінде 2017 жылдың соңына таман материалдық-тауарлық қор 60 пайыз­ға қысқарып, 3 миллиард теңгеге дейін қаражат үнемделетіні, деректердің дұрыстығы мен жеделдігі басқару сапасын жақсартатыны күтіледі.

Ғылыми инновация демекші, «ҚазМұнай- Газ» Барлау Өндіру» АҚ Бас директоры Құрманғазы Есқазиев Атырау өңіріндегі мәртебелі мұнайшылар әулетінің өкілі ғана емес, ол – қызметін ғылыммен ұштастырған білікті маман. Ғылыми ізденістерінің арқасында Құрманғазы Есқазиев бір топ әріптестерімен бірге әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықты иеленді. Бір қызығы, бұл – мұнайшы Есқазиевтер әулетіндегі екінші Мемлекеттік сыйлық. Мұнайшылар әулетінің бастауындағы Орынғазы Есқазиев – геолог мамандығын меңгерген, тәжірибеде шыңдалған аға буын өкілі. Ол әріптестерімен бірге «Теңіз» кенішін ашуға бел- сене араласты. Осының арқасында «Теңізге» әй- гілі «Шеврон» корпорациясының қызығушылығы туып, елімізге шетел инвестициясының қомақты үлесі құйылды. «Теңізді» алғаш ашушылардың қатарында 1995 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болған 8 мұнайшының бірі ретінде Орынғазы Есқазиев­ есімі құрметпен аталады. Саналы ғұ- мырын еліміздің мұнай-газ өнеркәсібінің өркен- деуіне арнаған ардагер мұнайшының шежірелі жолын ұлы Құрманғазы да сәтті жалғастырды. Құрманғазы Орынғазыұлы мұнайгаз өнеркәсібі саласындағы айтулы маман ғана емес, осы саладағы ғылыми жұмыстарды тиянақтаған ғалымдығымен де танымал болды. Оның ғылым саласындағы сүбелі еңбегінің бірі еліміздің белгілі ғалым-мұнайшыларымен бірге көмірсутегі картасын жасауға ықпал еткен «Қазақстан Республикасы көмірсутегі әлеуетін ғылыми негіздеу» деп аталады.

 

 

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля